АлЭС мамандары Karabatan Utility Solutions-да БГҚ пайдалану тәжірибесімен танысты
2025 жылдың қараша айында «АлЭС» АҚ іске қосу-баптау тобы қуаты 50 МВт төрт газ турбиналық генераторын және 55 МВт екі бу турбогенераторынпайдаланатын «Karabatan Utility Solutions» ЖШС кәсіпорнына жұмыс іссапарымен барды. Іссапар бу-газ қондырғыларын пайдаланудың практикалық тәжірибесін, құрылысын жүргізу және іске қосу реттеу жұмыстары кезеңінде туындаған мәселелерді, сондай-ақ персоналдың жұмысын ұйымдастыру қағидаттарын зерделеуге бағытталды.

«АлЭС» АҚ мамандары жабдықтардың жұмыс режимдерімен, қызметтердің өзара іс-қимыл схемаларымен, құжаттама жүйесімен және объектідегі міндеттерді бөлу тәсілдерімен егжей-тегжейлі танысты. Қатысушылар БГҚ-ны пайдаланудың нақты тәжірибесі меншікті газ турбиналық қуаттарды іске қосуға тезірек және сенімді дайындалуға мүмкіндік беретінін айтты.
Пайдалану қызметінің бас маманы Бағлан Азимханов алған ақпараттың маңыздылығын атап өтті:
– Біз тұрақты жұмыс істейтін обьекті жұмысының қалай ұйымдастырылғанымен таныстық. Бұл біздің көптеген шешімдеріміздің дұрыстығын дәледеді және баса назар аударуды қажет ететін тұстарды түсінуімізге мүмкіндік берді.

Техникалық дайындық тақырыбын жалғастыра отырып, Б.Оразбаев атындағы 1- ЖЭО ЭКЕАЖ және ТПАБЖ бас маманы Бауыржан Бектұров автоматтандырылған жүйелермен танысудың маңыздылығын атады: «Әріптестер ТПАБЖжұмысының логикасы және пайдалану процесінде енгізуге тура келген түзетулер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Осындай тәжірибе бізге басында қателіктер жібермеуге мүмкіндік береді.
Жабдықтардың нақты жағдайдағы жұмысының мәселелерін А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО турбиналық цехының аға машинисі Бақтияр Рысқалиевегжей-тегжейлі баяндады: «Біз жабдықты нақты жұмыста – жүктеменің әртүрлі режимдерінде және әртүрлі жағдайларда көрдік. Бұл болашақ міндеттерді тереңірек түсінуге мүмкіндік береді».
А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО электр цехының электр монтері Бақдәулет Ердіхан обьектідегі еңбекті ұйымдастырудың жоғары деңгейіне назарынбұрыпты: «Қызметтердің жұмысы нақты және дәйекті түрде құрылған. Персоналдың жақсы дайындалғанын және пайдалану мәдениетінің жоғары деңгейде екенін көрдік».
Ал оның цех бойынша әріптесі Жамбыл Жәкенов қауіпсіздік және жабдықты қорғау мәселелеріне бас назар аударған екен: «Әріптестеріміз алғашқы кезеңдерде не болғанын, қандай проблемалар туындағанын және олар қалай шешілгенін ашық айтты. Бұл барлық адамдар үшін құнды тәжірибе».
2-ЖЭО ЖАжӨЦ ТПАБЖинженері Роман Ткачев басқару жүйелерін зерттеудің маңыздылығын атап өтті: «Біз БҚ параметрлері мен инженерлік контурлар туралы пайдалы ақпарат алдық. Бұл теориядан ғана алуға болмайтын материал».
2-ЖЭО турбина цехының аға машинисі Арман Римжанов газ және бу бөлігінің өзара әрекеттесуін түсінудің маңыздылығын атап өтті: «БГҚ – бұл бәріне әсер ететін кешен. Іссапарымыз осы байланысты көруге және қандай құзыреттіліктерді күшейту керектігін түсінуге мүмкіндік берді».
Алынған білім іске қосу-баптау тобын даярлау бағдарламасын түзету, пайдалану нұсқаулықтарын әзірлеу және газ турбиналық жабдыққа қызмет көрсететін болашақ бөлімшелердің құрылымын қалыптастыру үшін негіз болады. Іссапар қорытындысы бойынша АлЭС мамандары іссапар меншікті газ турбиналық қондырғыларын іске қосуға дайындықтың маңызды кезеңіне айналғанын және таңдалған даму бағытының дұрыстығына сенімділікті арттырғанын атап өтті.