«АлЭС»: «Есірткіге жол жоқ» атты дөңгелек үстел қорытындысы және белсенді әрекетке шақыру
Артқа
03.04.2025

«АлЭС»: «Есірткіге жол жоқ» атты дөңгелек үстел қорытындысы және белсенді әрекетке шақыру

Биылғы жылдың басында «АлЭС» АҚ-да Қауіпсіздік басқармасының ұйымдастыруымен «Есірткіге жол жоқ» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға компания жұмыскерлері мен «Жарқын Болашақ» жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты. Кездесу барысында есірткі заттарын қолданудың алдын алу мәселелері қарастырылды.

Кездесуде ұжым ішінде және одан тыс ортада салауатты орта қалыптастыруға бағытталған бастамалар талқыланды. Қатысушылар ақпараттық жұмысты күшейтуді ұсынды: мамандарды шақырып дәрістер өткізу, жұмыскерлерге арналған тақырыптық тренингтер ұйымдастыру және ішкі коммуникациялық арналар арқылы есірткінің зияны туралы материалдарды белсенді тарату ұсынылды.

ОҚТО жұмыскерлері «Біз есірткіге қарсымыз» тақырыбында үгіт-насихат бейнероликтерін жасау туралы ұсынысқа жедел жауап беріп, бейнематериал дайындады.

– Бейнероликті өндірістік бөлімше жұмыскерлері есірткінің зияны туралы насихатты арттыру үшін, сондай-ақ олардың денсаулық пен әлеуметтік өмірге тигізетін қауіп-қатерлері жөнінде ақпарат тарату мақсатында «Есірткіге жол жоқ» акциясы аясында дайындады, – деді ОҚТО ӨТБ жетекші инженері Ілияс Жамбыл. Бұл бастама жұмыскерлердің әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге атсалысуының айқын көрінісі болды. «АлЭС» АҚ Қауіпсіздік басқармасы ОҚТО ұжымына белсенді бастамасы мен азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдірді.

Компанияның құрылымдық бөлімшелеріне жолдаған үндеуінде Қауіпсіздік басқармасы былай дейді: «Жастарды қорғау –әрқайсымыздың қолымыздан келеді. Дөңгелек үстелде ұсынылған шараларды қолдаңыздар – өз ұжымдарыңызда іс-шаралар өткізіңіздер, білім таратыңыздар, бей-жай қарамаңыздар».

«АлЭС» АҚ ұжымы тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана қауіп-қатерлерге қарсы тұрып, денсаулық пен заңдылықты бағалайтын салауатты орта қалыптастыруға болатынына сенімді.

Бейнежазбаны қараңыз https://www.youtube.com/shorts/LJk4haguBOw