АлЭС: «Эко-трендте бол!» – экологиялық челленджі
Артқа
22.11.2024

АлЭС: «Эко-трендте бол!» – экологиялық челленджі

2024 жылғы 11-15 қараша аралығында «АлЭС» АҚ-да «Эко-трендте бол!» – атты экологиялық челленджі өтті, оның мақсаты полиэтилен пакеттерін пайдалануды барынша азайту және оларды көп рет қолдануға болатын эко-сөмкелерге алмастыру болды. Бұл іс-шара компанияның қоршаған ортаны қорғау туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған бағдарламасының жалғасы болып табылады.

«Эко-трендте бол!» – экологиялық челленджі бас кеңсе мен өндірістік департамент қызметкерлерінің көпшілігін күнделікті өмірде эко-сөмкелерді пайдалануға шабыттандырды. Бұл қадам, болмашы болып көрінгенімен, қоршаған ортаның ластануын азайтуға үлкен үлес қосады.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бас маманы Иржанова Айсұлу полиэтилен пакеті орта есеппен 20 минут қана қолданылатынын, алайда оның ыдырауы жылдарға созылатынын атап өтті. Эко-сөмке – бұл бірнеше рет қолдануға болатын қарапайым және экологиялық таза шешім.

Ал Корпоративтік даму және тәуекелдер басқармасының бас менеджері Абдибаева Анар қоршаған ортаның полиэтилен пакеттерімен ластануы проблемасын шешу үшін қоқыстың барлық түрлерін кәдеге жарату мен қайта өңдеуден туындайтын үлен проблемаға назар аудару қажет дейді. Ол Еуропа елдерінде эко-сөмкелер бұрыннан қоршаған ортаға құрметпен қараудың символына айналғанын, ал Қазақстанда олардың танымалдығы біртіндеп артып келе жатқанын айтты.

Челлендж экологиялық білім беру саласындағы компанияның тағы бір бастамасы болды. Қалыптасқан дәстүр бойынша «АлЭС» АҚ-да макулатура жинау, Алма-Арасан шатқалының өзендері мен беткейлерін тазарту бойынша акциялар өткізіледі. Әрбір экологиялық жоба қызметкерлер арасында экологиялық сананы қалыптастыруға көмектеседі.

Фактілер бойынша: жыл сайын әлемде 5 триллион полиэтилен пакеті шығарылады, қайта өңдеу тек 1-3% құрайды және олардың ыдырауы 400 жылдан 1000 жылға дейін созылады. Ұлыбритания сияқты кейбір елдерде полиэтилен пакеттеріне салық салу оларды пайдалануды 85%-ға азайтуға көмектесті.

Компания қызметкерлері осындай бастамалардың маңыздылығы туралы өз пікірлерін айтты. 3-ЖЭО ӨТБ қоршаған ортаны қорғау инженері Ермолина Светлана, әрбір адамның полиэтилен пакеттерінен бас тартуы сияқты аз ғана үлесі экологиялық жағдайды әлде қайда жақсарта алатынын атап өтті. Жұмыс және қызмет көрсету бөлімінің маманы Аккулиева Жазира, бүгінде эко-сөмкелерін сәнмен байланыстырады. Эко- сөмкелері қазіргі қоғамда кең тараған, өйткені олар жеңіл, тазалауға оңай және мұнда заттарды ұзақ уақыт сақтауға болады.

2-ЖЭО Өндірістік-техникалық бөлімінің инженері Канстанция Кадербаева, экологтар дабыл қағып, полиэтилен пакеттерінен бас тартуды және басқа материалдарды пайдалануды ұсынады, ең жақсы шешімі – эко-сөмкелер дейді.

«Эко-трендте бол!» челленджі – бұл экологиялық жағдайды жақсартуға қосымша үлес.

«АлЭС» АҚ экологиялық бастамаларды іске асыруды, табиғатқа қамқорлық жасау үрдісін қалыптастыруды жалғастырмақ.