АлЭС чемпиондарды баулиды: Азия тұғырында… слесарь
Күміс және қола қос медаль – Алматы энергетигі, пауэрлифтер, «АлЭС» АҚ «Энергожөндеу» ӨЖК бекіткіш арматураны жөндеу учаскесінің бригадирі Олег Пекущев спорттық марапаттар жинағын толықтырды.

Биылғы жылдың қазан айында ол Гонконгта өткен пауэрлифтингтен Азия чемпионатына қатысты. Стендтік пресстегі жоғары бәсекелестікке қарамастан, Олег Жапонияның қазіргі әлем чемпионы Гото Такашиден кейін екінші орынға ие болды және 83 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде екінші болды. Олегтің күміс нәтижесі – 200 кг. Ал абсолютті есепте қазақстандық спортшы үшінші орынға ие болды.
Қазақстан чемпионаттарының көптеген наградаларын есептемегенде, Олег Пекущев 2018 жылы Дубайда өткен Азия чемпионатының алтын жүлдегері. Ол Алматыдағы 2019 жылғы Азия чемпионатында да стендтік пресс және штангамен отырудан жүлдегер атанды. Энергетиктің қоржынында 2022 жылғы стендтік пресс бойынша әлем чемпионатының күміс медалі де бар.
Гонконгта Олег өзінің жоғары спорттық мәртебесін тағы бір рет растады, егер адам ынталы және мақсатты болса, онда жаңа биіктерге жетуге ешқандай кедергі жоқ екенін дәлелдеді. Бірақ Гонконгтағы Азия чемпионаты ол үшін ерекше болды.
«Ол қатысушы елдер мен спортшылар саны бойынша рекордтық көрсеткішке ие болды, бұл бәсекелестікті едәуір арттырып, барлық салмақ дәрежесінде қорытынды нәтижелерді арттырды», – деп Олег Пекущев өз әсерімен бөлісті. – Мұнда Ресей, Жапония және Қазақстан командалары аса мықты болды.
Азия чемпионаты өткен Гонконгқа сапар шегу әсіресе қызықты болды, өйткені бұл таңғажайып және ерекше мегаполис. 1997 жылға дейін қала Ұлыбританияның бір бөлігі болды, сондықтан Еуропалық, Азиялық және әсіресе Қытай өрке ниетінің озық мәдениеттері үйлесімді түрде араласқан. Бұл заманауи еуропалық сәулеттілік пен қала орталығындағы зәулім ғимараттары, ал шетінде дәстүрлі қытай ұлттық құрылыстары бар озық қала. Гонконгтағы электрмобильдердің үлесі 15% – 135 мыңға жуық автокөлікті құрайтыны таң қалдырды. Бұл әсерлі».

6-разрядты слесарь Олегтің спорттағы жеңістерімен қатар, кәсіби еңбек жолындағы жетістіктері де, сүйікті, алайда ауыр жұмысыда бар. Бұл ретте ол «АлЭС» АҚ-ның болашақ чемпиондарын баптау үшін қажет нәрсенің бәрі бар шағын спортзал ұйымдастырған. Мұнда ол өзі айналысады, жас әріптестерін жаттықтырады және жалпы белсенді өмір салтын жүргізеді. Айта кету керек, жаттықтырушы оның дипломы бойынша алғашқы мамандығы: Олег Қазақ мемлекеттік Спорт және туризм академиясын бітірген.
Оның жөндеуші слесарь, бригадир болып жұмыс істеуге, спортпен шұғылдануға қайдан уақыт табатындығына таң қалуға болады. Спорт сияқты, ол өз кәсібіне жауапкершілікпен қарайды. Қарапайым слесарь болып жұмыс істей бастаған Олег Пекущев өндірістен қол үзбей ЖОО-да оқыды және «Автомобиль шаруашылығы инженері» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды. Алайда, «АлЭС» АҚ жұмыскерлерінің спорттық нәтижелері мен жеңістерін заңдылық деп санауға болады: компания мен оның кәсіподағы энергетиктердің спорттық, мәдени ынталарын қолдай отырып, әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөледі. Командалық және ұлттық спорт түрлерінде, сондай-ақ көптеген спорт түрлерінен жеке жарыстарда АлЭС – тіктер дәстүрлі түрде жүлделі орындарға ие болып, жұмыс пен хоббиді сәтті үйлестіреді. Олег сияқты, олар спорт адамды жинақтап, тәртіпті етіп, жүктемені дұрыс бөлуге, уақытты нақты жұмсауға үйретеді.
Жұмыс беруші мен жұмыскерлердің өзара міндеттері «АлЭС» АҚ Ұжымдық шартында жазылған. Онда кәсіподақтың есеп айырысу шотына аударылған қаражаттары сомаларының өсуін қарастыратын баптар бар. Олар мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ әлеуметтік сипаттағы өзге де мақсаттарға арналған. Аударым нақты жылдық еңбек ақы қорының 0,5%-дан 1%-ға дейін ұлғайтылды.
Сонымен қатар, өз міндеттемелері мен еліміздің еңбек заңнамасы шеңберінде «АлЭС» АҚ абаттандыруға, санитарлық-тұрмыстық орын жайларды жақсартуға, энергетиктер айналыса алатын спорт алаңдарын дамытуға қатысты бір қатар әлеуметтік жобаларды іске асырды.
Бұл жолы да кәсіподақ өз жұмыскерін қолдады. Олег Пекущевтің Гонконгтағы Азия чемпионатына қатысуына«АлЭС» АҚ «Энергия» кәсіподақ комитеті қаржылай қолдау жасады.

«Кәсіподақ комитеті сапарға ішінара демеушілік жасап, Олегті «АлЭС» АҚ және Қазақстан Республикасының логотиптері бар жалаулармен жабдықтады», – деп атап өтті «Энергожөндеу» ӨЖК кәсіподақ комитетінің төрағасы Назира Қадырқұлова. – Біздің жұмыскеріміздің Алматыдан бірнеше мың шақырым жерде Қазақстан мен АлЭС туын көтеріп, жарыстарда абыроймен өнер көрсеткенін мақтан тұтамыз. Олег салауатты өмір салтын белсенді түрде насихаттайды және өзінің жетістіктерінің арқасында біздің компания жұмыскерлерінің жас буыны үшін үлгі болып табылады».
Ал, чемпионаттан өткен Олег Пекущев үшін бұл енді тарих. Ол жаңа жарыстар мен жаңа жеңістерді армандайды. Орындалғандардың орнына жаңа армандардың туындауын тілейтінін мойындады!