АлЭС: біз мақтан тұтамыз және еске аламыз
Артқа
06.05.2024

АлЭС: біз мақтан тұтамыз және еске аламыз

Мамыр айында сирень, каштан және акация гүлдеп, табиғат ерекше мамыражай күйге енген кезде «АлЭС» АҚ қызметкерлері өз ардагерлерін құрметтеп барады. Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан 11 тыл еңбеккері мен 23 интернационалист жауынгерлермен кездесті.

Ұлы Жеңістің 79 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар 2023 жылғы 6 мамырда Б.Оразбаев ат. 1-ЖЭО-де өтті. Станция ұжымы ардагер жауынгерлерге алғысын білдірді. Бұл күні энергетиктер станцияның қазандық цехы қазандықтарды басқарудың орталық жылу қалқанының машинисі Мәлік Сайдықұловты марапаттады. Бір кездері ол тәжік-ауған мемлекеттерінде ТМД шекарасын қорғауда күшейтуге ат салысқан. Тағы бір ардагер – автокөлік учаскесінің тракторшысы Юрий Милюхин. Ол 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан.

Сондай-ақ, дәстүр бойынша Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО қызметкерлері станция аумағындағы Даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қойып шықты. Станцияның жастары кәсіподақ комитетімен бірлесіп үш тыл ардагері құттықтады: Прасковья Константиновна Аксенова, Евлампия Фоминична Говорухина және Алексей Федорович Коробкин. Ардагерлер энергетиктерге алғыстарын білдіріп, компания басшылығы мен ұжымына өздерін ұмытпай, әр мерекеде көңілінен шығармағаны үшін зор алғыстарын білдірді.

– Дәл осындай бастамалар мен іс-әрекеттердің арқасында соғыс, оның қатысушылары, тыл батырлары және ел үшін қиын жағдайларда оны қорғауға келген барлық батырлар туралы естелік сақталады. Ардагерлермен кездесу, салтанатты іс-шаралар және олардың қажеттіліктеріне назар аудару – бұл бейресми әрекет, бұл біздің міндетіміз, бұл бейбітшілікке деген ризашылық сезімін білдіру, бұл болашақ алдындағы жауапкершілік, бұл естелік эстафетасы. Станцияда жұмыс істеген тыл еңбеккерлеріне ерекше алғыс білдіреміз, – деді Б.Оразбаев ат. 1-ЖЭО директоры Әлібек Тастанбеков.

3-ЖЭО-де патриоттық дәстүрлер әлі де сақталған. Жыл сайын энергетиктер Жеңіс күні қарсаңында станция қызметкерлерін, тыл еңбеккерлерін жеке құттықтауға келеді. Өкінішке орай, Ұлы Отан соғысына қатысушылар жылдан жылға азайып барады: биылғы Жеңіс Күнін тек төрт ардагер қарсы алды. Солардың бірі 94 жастағы Юлия Ивановна Фролова. Қартайғанына қарамастан, оның рухы мен энергиясы ұжымды таң қалдырады және шабыттандырады.

 

– «АлЭС» АҚ-да тыл еңбеккерлері мен ауған жауынгерлерін құрметтеу дәстүрі қалыптасқан. Бұл мерекеде жүрегіміз жылулыққа толып, толқып кететініміз бар. Біз ауған жауынгерлеріміз жыл сайын 9 мамырда Өтеген батыр ауылындағы Даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қоямыз, – деп бөлісті 3-ЖЭО логистика бөлімінің бастығы Александр Горохов.

Осы мамыр күндері БЖК ұжымы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан қазандық цехының қызметкерлері – ардагерлер Ермек Сасықов пен интернационалист жауынгер Ерлан Үркенбаевты құттықтады.

2-ЖЭО ұжымы өзінің үш ардагерін атап өтті: турбиналық цех электр станцияларының жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі слесарь, интернационалист жауынгер Серікбай Екейбаевты және өз уақытында Тәжікстан-Ауғанстан мемлекеттерінде ТМД шекарасын күзеткен екі машинист – Ержан Әлімжанов пен Бағдат Мәметовты құттықтады. Ардагерлер алғыстарын жаудырды, олар әріптестері мен басшылықтың қолдауын жоғары бағалайтынын айтып өтті.

Сондай-ақ, мереке қарсаңында Ш.Шөкин ат. Қапшағай ГЭС-тің екі қызметкері де құттықталды. Станцияның ЭМЦ электр газ дәнекерлеушісі Николай Черкасов жұмыс орнында достық атмосфера құру, біріне-бірі көмек беру, ұмытпау сияқты қолдаудың маңыздылығын атап өтті:

– Интернационалистердің соғыстары туралы естеліктерді естен шығармағаны жаныңа жылу ұялатады, сол оқиғаларға қатысқан әрбір адам өзінің жауынгерлік міндетін орындады және Ауғанстанның бейбіт тұрғындарын қорғау үшін оған байланысты барлық қолынан келген нәрсенің бәрін жасады, – деп қосты Николай Черкасов.

«Энергожөндеу» ӨЖК төрт тыл ардагері мен он интернационалист жауынгерді құттықтады. Идирис Жақсыгелдиев Ауғанстанда 1986-1988 жылдары Қандағар қаласының маңында №71176 әскери бөлімде қызмет етіп, өзінің интернационалдық борышын орындаған. Қазір ол «Энергожөндеу» ӨЖК-де 6-разрядты бу-газ турбиналық жабдықтарды жөндеу бойынша слесарь болып жұмыс істейді.

«АлЭС» АҚ барлық ардагерлерге Жеңіс пен бейбітшілікке қосқан үлестері үшін алғысын білдіреді.