АлЭС атынан грант: ертеңіңді бүгіннен баста – бізден білім алып, бірге жұмыс жасайық! Энергетиканың болашағы сенен бастау алады!
«Алматы электрстанциялары» АҚ Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде оқу үшін білім беру гранттарына конкурс жариялайды!
Конкурсқа қатысуға келесі талаптарға сай үміткерлер жіберіледі:
– GPA 3.0 және одан жоғары бейінді колледж түлектері;
– ҰБТ 50 балл жинаған мектеп түлектері, оның ішінде негізгі пәндер (математика + физика) пәндерінен жалпы 30 балл жинайды;
– Қалалық және республикалық деңгейдегі физика және математика пәндері бойынша техникалық олимпиадалар мен ғылыми – тәжірибелік конференциялар жеңімпаздары;
– Көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
– Жетім және ата-анасының қамқорлығын сызқалған балалар;
– «ҚР спорт шебері» разрядты немесе халықаралық дәрежедегі спортшылар.
Конкурсқа қажетті құжаттар тізімі (2025 жылдың 31 шілдесіне дейін қабылданады):
– өтініш;
– жеке куәлік көшірмесі;
– диплом немесе аттестат және транскрипт көшірмесі;
– «Мен неге энергетик болғым келеді?» – атты тақырыбында жазылған мотивациялық эссе немесе бейнежазба;
– растайтын құжаттар (егер жеңілдіктер болса);
Грант оқуақысыныңтолықкөлемінжабады!
Барлығы 10 грант бөлінді:
– «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша 5 грант;
– «Жылуэнергетика» мамандығы бойынша 5 грант.
Болашақ – таңдауданбасталады!