«АлЭС» АҚ жылыту маусымына дайындық төлқұжаттарын алды
Артқа
18.09.2025

«АлЭС» АҚ жылыту маусымына дайындық төлқұжаттарын алды

«Алматы электр станциялары» АҚ 2025-2026 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындықты толық аяқтап, жылыту маусымына дайындық төлқұжаттарының барлығын алды. Бұл құжат – компанияның төмен температура жағдайларында тұрақты әрі қауіпсіз жұмыс істеуге толық дайын екендігін ресми түрде растайтын дәлел.

Жылыту маусымына дайындық «АлЭС» АҚ-ның барлық өндірістік департаменттерінде жүргізілді:

  • ЖЭО және ГЭС жабдықтарына күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді;
  • қажетті отын мен материалдардың қоры қалыптастырылды;
  • персонал оқытылып, жоғары жүктеме жағдайында әрекет ету сценарийлері пысықталды.

Паспорттардың алынуы энергетиктердің Алматы өңірін жылу және электр энергиясымен сенімді қамтамасыз етуге дайын екендігін растайды. Қыстың суық күндерінде жылу мен ыстық су тұрғын үйлерге, әлеуметтік нысандарға, мектептер мен ауруханаларға үздіксіз жеткізілетін болады.

– Дайындық төлқұжаттарын алу – бұл үлкен командалық жұмыстың нәтижесі. Әрбір цех, әрбір станция дайындыққа өз үлесін қосты. Алматы қаласы мен облысының тұрғындары қысқы маусымды алаңсыз әрі сенімді қарсы алуы үшін біз бар күшімізді салдық, – деді «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары – Бас инженері Бауыржан Қалиев.

«АлЭС» АҚ ұжымы үшін дайындық төлқұжаттары – жай ғана ресми құжат емес, бұл кәсібилік пен жауапкершіліктің символы. Оның артында бүкіл жаз және күз бойы қысқы кезеңнің тұрақты өтуі үшін еңбек еткен инженерлердің, жөндеу бригадалары мен энергетиктердің орасан зор еңбегі жатыр.

Анықтама: Алматы қаласы мен Алматы облысында жылыту маусымы орташа тәуліктік ауа температурасы +8°C-тан төмен, қатарынан бес күн бойы сақталған жағдайда басталады. Жылыту маусымының басталу күні туралы шешімді Алматы қаласы және Алматы облысының әкімдіктері ауа райы болжамдарын, әлеуметтік нысандардың дайындығын және инженерлік желілердің жағдайын ескере отырып қабылдайды. Ең алдымен әлеуметтік нысандар – ауруханалар, мектептер мен балабақшалар, сондай-ақ өзге де тұтынушылар жылуға қосылады.