«АлЭС» АҚ: ЖЭО-дағы жұмыс барысы – бақылауда тұр
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Ернат Бердигулов, 2024 жылдың 26 шілдесінде Алматы 3-ЖЭО мен Алматы 2-ЖЭО алаңдарында жұмыс кездесулерін өткізді.
Алматы 3-ЖЭО-ның алаңына бару барысында «АлЭС» АҚ басшылығының станцияны 2024-2025 жж. күзгі-қысқы кезеңге дайындау бойынша жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары туралы баяндамасы тыңдалды. Сонымен қатар, осы станцияны газға көшіру бойынша жобаны іске асыру барысы талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша, Басқарушы директор ЕРС-мердігерге ЖСҚ-ны әзірлеуді аяқтау және ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысын алу мерзімдері бойынша тапсырмаларын берді.
Ернат Бердигулов, Алматы 2-ЖЭО алаңында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Кеңеске, сондай-ақ «ИОА» АҚ Алматы филиалының және «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Алматы өндірістік филиалының уәкілетті өкілдері қатысты, олар жоғарыда көрсетілген ЖЭО-лар үшін жеткізуші инфрақұрылым құрылысын аяқтау мерзімдері туралы баяндады.
Жылыту маусымына дайындық мәселесі – Үкімет пен Мемлекет басшысының бақылауында екені белгілі. 29 шілдеде, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев – Энергетика министрі Алмасадам Саткалиевті қабылдады және онда осы мәселе қозғалды. Кездесу қорытындысы бойынша, Президент жылыту маусымына дайындық бойынша тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды.