«АлЭС» АҚ жаңа мамандарға есіктерін ашуда
«АлЭС» АҚ бос жұмыс орны жәрмеңкесіне қатысып қана қоймай, сонымен қатар болашақ мамандар үшін нақты мүмкіндіктер туғызуда. Компания студенттер мен түлектерге кәсіби әлемде өз орындарын табуға көмектесе отырып, білім беру мекемелерімен белсенді жұмыс жасауда.
Жыл басынан бері «АлЭС» АҚ өкілдері Еуразия техникалық-экономикалық колледжіндегі «Ашық есік күніне» қатысты. Компанияны Адам ресурстары басқармасының қызметкерлері Тайжан Әлия, Құрманғали Жібек және Темірова Гаухар лайықты түрде таныстырды. Бұл іс-шара жетекші энергетикалық компаниядағы бос орындар, жұмыс жағдайлары мен мансаптық болашақтары туралы білуге бірегей мүмкіндік алған студенттер үшін маңызды оқиға болды.
Жаңалықтардың бірі университет аумағында өзекті бос жұмыс орындары бар QR-кодтарды орналастыру болды, бұл студенттерге ұсынылған позициялармен танысуға және оларға өтінім беруге мүмкіндік берді.
– Еуразиялық техникалық-экономикалық колледжіндегі «Ашық есік күні» біз үшін студенттерді біздің компаниямызбен таныстыру үшін маңызды мүмкіндік болды, – деп, өз әсерімен бөлісті Қызметкерлерді дайындау бөлімінің жетекші маманы Темірова Гаухар. – Іс-шараны ұйымдастыру өте жоғары деңгейде өтті және мен студенттердің қызығушылығын көргеніме қуанышты болдым. Біз мансаптық мүмкіндіктер туралы айтып, өзекті бос орындармен бөлістік, ал QR-кодтар болса студенттерге барлық ақпаратты дереу алуға мүмкіндік берді. Әсіресе, жастардың белсенді түрде сұрақ қойып, бастама көтергені ерекше қуантады. Бұл бізді одан әрі шабыттандырып, дұрыс жолда жүргенімізге деген сенімділік берді».
«АлЭС» АҚ тек түлектермен ғана жұмыс істеумен шектелмейді. Ақпан айының соңында компания Наурызбай ауданы прокуратурасының қолдауымен Еңбек мобильділігі орталығының ұйымдастыруымен бос орындар жәрмеңкесіне қатысты. Бұл іс-шара алимент бойынша қарызы бар, сондай-ақ пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды қолдауға бағытталған.
– Біз бос орындар туралы айтып қана қоймай, сонымен қатар жаңа мүмкіндіктер іздеп жүрген адамдарға қолдау көрсетуге тырыстық, – деді Кадрлар бөлімінің жетекші маманы Тайжан Әлия. – Жәрмеңке сәтті өтті және біз көптеген үміткерлермен сөйлестік, компания мен ізденушілерге қойылатын талаптар туралы айттық. Ең бастысы, осы іс-шара 15-ке жуық түйіндеме жинауға көмектесті. Біз мұндай бастамалар адамдарға тұрақты болашаққа қадам жасауға көмектеседі деп сенеміз».
«АлЭС» АҚ жұмысқа орналастыру және кәсіби даму саласында белсенді жұмысын жалғастыруда. Компания мамандарға жаңа көкжиектер ашып, мансаптық өсу үшін нақты мүмкіндіктер бере отырып, сенімді түрде алға жылжуда!