«АлЭС» АҚ-ы 2024-2025 жылыту маусымын сәтті аяқтады
2025 жылғы 10 сәуірде Алматы қаласы әкімдігінің №2/293 қаулысына сәйкес жылыту маусымыаяқталды. Жылу беруді тоқтату туралы шешім тұрақты жылы ауа-райына байланысты қабылданды: бескүн қатарынан ауаның орташа тәуліктік температурасы +8°С-тан асты. Естеріңізге сала кетейік, жылыту маусымы 2024 жылдың 7 қазанында басталған болатын.
«Алматы электр станциялары» АҚ жылыту маусымы 189 күнге созылды, компания Алматы қаласымен Алматы өңірінің тұтынушыларын жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етті. 2024-2025 жылдар кезеңінде компания шарттық міндеттемелерді толығымен орындай отырып, 2,9 млрдкВт·сағ электр энергиясын және 4,8 млн Гкал жылу энергиясын өндірді.
– Жылыту кезеңіндегі жұмыстың тұрақтылығы – біздің басты басымдығымыз. Ұжымның үйлесімді іс-әрекеттері мен уақтылы дайындығының арқасында апатты жағдайларды болдырмауға және тұрғындардың жайлылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік туды, – деп «АлЭС» АҚ Басқарма төрағасы Ерік Қанышбекұлы Маширов атап өтті.
Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін компания жоспарлы жөндеу науқанына кіріседі. Жұмыстар Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО, А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, Батыс жылу кешені, Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС және Каскад ГЭС қоса алғандағы энергия көздерінің негізгі және қосалқы жабдықтарына жүргізіледі. Бұл келесі қысқы кезеңге дейін жүйелердің сенімділігін арттырады.
Алматы электр станциялары мегаполис пен өңір үшін энергияның негізгі жеткізушісі болып қала береді:
– орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағындағы жылудың 70%;
– электр энергиясының46%.
Компанияның құрылымына мыналар кіреді:
– үш жылу электр орталығы (Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО, А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО, 3-ЖЭО);
– Батыс жылу кешені;
– Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС және Каскад ГЭС;
– «Энергожөндеу» өндірістік-жөндеу кәсіпорны;
– отынды қабылдау және түсіру орталығы (ОҚТО).
Анықтама: Алматыда жылы тумаусымы бес күн қатарынан сақталатын +8°С-тан төмен орташа тәуліктік температурада басталады және осы белгіден жоғары тұрақты жылыну кезінде аяқталады. Мерзімдерді қала әкімдігі метеорологиялық деректер негізінде бекітеді.
«АлЭС» АҚ қазіргі заманауи технологиялар мен өмірлік маңызды қызметтерді қамтамасыз етудегі көп жылдық тәжірибені үйлестіре отырып, өңірдің энергетикалық тұрақтылығының кепілі болып қала бермек.