«АлЭС» АҚ қызметкерлерінің денсаулығына қамқорлық жасаудың жыл сайынғы дәстүрі
Артқа
17.10.2024

«АлЭС» АҚ қызметкерлерінің денсаулығына қамқорлық жасаудың жыл сайынғы дәстүрі

«АлЭС» АҚ қызметкерлері көп жылдар бойы тұмауға қарсы екпе алу дәстүрін ұстанып келеді. Екпе алу алдын алудың тиімді әдісі болып табылады және аурудың маусымдық өсуіне дейін жүргізіледі. Бұл жұмысшылардың иммунитетін нығайтуға және күзгі-қысқы кезеңде ауруды азайтуға көмектеседі. Екпеден кейінгі иммунитет бір жылға созылады, сондықтан сенімдірек қорғау үшін жыл сайын екпе алу ұсынылады.

– Соңғы бес жылда тұмауға қарсы тұрақты екпе алдым. Бұл эпидемия кезінде өзімді қорғауға және жақындарымның денсаулығын сақтауға көмектеседі. Мен адамдармен жұмыс істеймін, сондықтан басқалардың денсаулығын сақтау маңызды деп санаймын», – деп бөлісті 3-ЖЭО кадрлар бөлімінің бастығы Галина Горбовская.

«Менің жұмысым өткізу режимін сақтаумен байланысты, кез келген ауа-райында біз бақылау-өткізу пунктінде боламыз, екпені алғаннан кейін мен ауырып қаламын деп қорықпаймын», – дейді Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС өткізу бюросының кезекшісі Жазкен Мысаев.

Екпе жасау процедурасы өндірістік департаменттердің медициналық пункттерінде және «АлЭС» АҚ бас кеңсесінде дәрігердің алдын ала медициналық тексеруінен өтіп, еңбекті қорғау бойынша денсаулық айлығы аясында жүргізілді.

– Ағымдағы жылы барлық ниет білдірген қызметкерлерді тұмауға қарсы ерікті екпе алу, ауысым алдындағы медициналық тексеруден өткізу және компания қызметкерлерін тексеру жөніндегі қызметтерді көрсететін «MC KAUSAR PLUS» ЖШС-нің медицина қызметкерлері тегін жүргізді, – деді «АлЭС» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқамрасының бастығы Карим Сартаев.