«АЛЭС» АҚ ӨНДІРІСІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК: 2023 ЖЫЛҒЫ ТҮЙІНДІ СӘТТЕР
2024 жылы «АлЭС» АҚ жұмыс ортасында нөлдік жарақатқа қол жеткізуге бағытталған «Vision Zero» стратегиясының іске асыруылуы жалғастырылуда. Компанияда өндірістік департаменттерде орындалатын барлық жұмыстар қауіпсіз және өндірістік жарақаттарға әкеп соқпайтын жағдайлар жасалған.
Осы мақсатқа жету үшін компанияда персонал арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыру және оларды еңбекті қорғау мәселелеріне тарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.
2023 жылы қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша оқытуды тиісті оқытудан өткен ішкі жаттықтырушылар түрлі форматта жүргізді.
«АлЭС» АҚ Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының ішкі жаттықтырушыларының жұмысына ерекше назар аударылды. Олар Адам ресурстары басқармасының Персоналды даярлау бөлімінде тренинг өткізді.
– Өндірістік департаменттердегі барлығы 1332 жұмыскер 134 топтық оқуға қатысты. 2023 жылдың қараша-желтоқсан айларында ӨҚжЕҚБ ішкі жаттықтырушылары барлық өндірістік бөлімдерге барып, 759 жұмысшыны оқытты. 608 жұмыскер үшін өндірістік департаменттердің ішкі жаттықтырушылары тікелей жұмыс орындарында оқытуды жүргізді. 2023 жылы оқытылғандардың жалпы саны 2 699 жұмыскерді құрады, бұл Компанияның өндірістік персоналының 100%-ын қамтиды, – деп атап өтті Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Кәрім Сартаев.
Персоналдың еңбекті қорғау мәселелеріне тартылуын жандандыру үшін мобильді қосымшаны қоса алғанда, «Қауіпсіз өндіріс» ақпараттық жүйесі пайдаланылады. Жүйеге тіркелгеннен кейін жұмыскерлер нақты уақыт режимінде анықталған оқиғалар мен ақаулар туралы хабарлай алады, бұл оларды жедел жоюға ықпал етеді. 2023 жылдың соңына қарай «АлЭС» АҚ өндірістік персоналының 70%-ы 8 436 оқиға мен ақауларды тіркеп, ақпараттық жүйені белсенді пайдаланды.
Ақпараттық жүйеде жұмыскерлердің белсенділігін көтермелеу үшін белгіленген стандарттарға сәйкес ақшалай төлемдер түріндегі көтермелеу бекітілді. 2023 жылы ең белсенді жұмыскерлерге 3-тен 10-ға дейінгі ең төменгі жалақы мөлшерінде ақшалай көтермелеулер төленеді.
Техникалық инспекторлар еңбекті қорғау мен өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Олар кәсіподақтың мүдделерін көздейтін Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес арқылы қоғамдық бақылауын жүргізіп отырады.
– 21 оқытудан өткен техникалық инспектор еңбек қорғау және өндірістік қауіпсіздік саласындағы бұзушылықтарды анықтап, алдын ала отырып, өндірістік департаменттермен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі белсенді жұмысы үшін оларға тоқсан сайын 15 мың теңгеден төленеді. 2023 жылы техникалық инспекторлар еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік саласындағы 482 бұзушылық бойынша 209 ұсыныс берді, – деді Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бас маманы Айсұлу Иржанова.
2024 жылы компания персоналды оқыту, оларды қауіпсіздік процестеріне тарту және «Vision Zero» тұжырымдамасын ұстануға белсенділікті ынталандыруда күш жұмсай отырып, қауіпсіз еңбек ортасын құру жұмыстарын жалғастыруда.