«АлЭС» АҚ өкілдері «Жұмысшы мамандар жылы» республикалық іс-шарасына қатысты
Артқа
24.12.2025

«АлЭС» АҚ өкілдері «Жұмысшы мамандар жылы» республикалық іс-шарасына қатысты

Астанада Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйымдастыруымен Жұмысшы кәсіптері жылы аясында «Жұмысшы мамандар жылы» республикалық салтанатты іс-шарасы өтті. Шара жыл қорытындысын шығаруға, еңбек адамдарын, еңбек әулеттерін және экономиканың түрлі салаларының өкілдерін құрметтеуге арналған.

Министрліктің шақыруы бойынша іс-шараға «Алматы электр станциялары» АҚ өкілдері – Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО Турбиналық цехының старший машинисі Айдос Масиралиев және 3-ЖЭО бухгалтерлік есеп бөлімінің бастығы Мария Николенко (Безрук) қатысты. Компания үшін осындай маңызды республикалық шараға қатысу энергетиктердің елдің дамуына және жұмысшы мамандықтарының мәртебесін нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалаудың дәлелі болды.

Айдос Масиралиев құрметті қонақ ретінде шақырылды. «АлЭС» АҚ өкілдері залдың алдыңғы қатарына орналастырылды, бұл экономиканың нақты секторын білдіретін қатысушылар мен кәсіпорындарға деген ерекше құрмет белгісі болды.

Мария Николенконың (Безрук) «Үздік еңбек әулеті» номинациясында «Еңбек жолы – 2025» республикалық байқауының дипломымен марапатталуы ерекше маңызды сәт болды. Бұл награда ұрпақтардың сабақтастығын, кәсіпке адалдығын және отбасының саланың дамуына қосқан үлесін көрсетеді.

«Біздің отбасымыз үшін бұл марапат – үлкен құрмет және бірнеше ұрпақтың көп жылдық еңбегінің мойындалуы. Бұл тек жеке марапат қана емес, сонымен қатар күн сайын өз жұмысын адал атқаратын барлық энергетиктердің үлесін бағалау. Іс-шара өзінің ауқымдылығы мен ұйымдастыру деңгейімен қатты әсер қалдырды. Бүгінде жұмысшы кәсіптерін дамыту мен еңбек адамына құрмет көрсету мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп отырғаны байқалды. Мен үшін осындай маңызды республикалық оқиғада біздің компанияның атынан өкілдік ету маңызды болды. Осындай ауқымды шараға қатысу еңбек адамдарының ел мен саланың дамуына қосқан үлесінің қаншалықты маңызды екенін тағы да көрсетті», – деп өз әсерімен бөлісті Мария.

Айдос Мәсірәлиев осындай маңызды іс-шараға шақырғаны үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне шынайы алғысын білдірді: «Мен үшін оған біздің компания атынан қатысу құрмет болды. Астанаға сапарын ұйымдастырғаны үшін «АлЭС» АҚ басшылығына алғысымды білдіремін. Мұндай оқиғалар энергетиктердің еңбегі мемлекеттік деңгейде бағаланып, құрметтелетінін тағы да көрсетеді».

«АлЭС» АҚ қызметкерлерінің республикалық деңгейдегі іс-шараларға қатысуы энергетиктер еңбегінің маңыздылығын көрсетеді, жұмысшы мамандықтарының беделін нығайтады және үздік еңбек дәстүрлерінің сабақтастығын көрсетеді.