АлЭС» АҚ-ның 2024 жылы орын алған маңызды оқиғалары
Қаңтар
- «Батареяға екінші өмір сыйла» және «#қағаз десанты» науқандары басталды
Ақпан
- EPC-мердігер мен Ansaldo Energia арасында 3-ЖЭО-ға газ турбиналық жабдықтарды жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылды
- «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының компанияның Басқарма төрағасы Ерік Машировпен кездесулерінің басталуы
- ТЖ кезіндегі АлЭС: штаттан тыс жағдайдағы штаттық жұмыс (жер сілкінісі)
- Қайдзен жүйесін – үнемді технологияларды – 3-ЖЭО-ның пилоттық учаскесінде орнату
- «Книговарка» корпоративтік кітап клубы ұйымдастырылды
Наурыз
- АлЭС басшылығы 2023 жылғы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы жұмыс қорытындылары бойынша есеп берді
- Компанияда 3000-нан астам қызметкер жұмыс істейді. Олардың 20% – әйелдер
- 3-ЖЭО қызметкерлері «Ұлттық сезім» жалпыұлттық флешмобына қатысты
- Қайырымдылық науқандар
Сәуір
- Жылыту маусымы сәтті аяқталды
- Еліміздің өндірістік алаңдарында сұранысқа ие инженерлік-техникалық кадрларды даярлауды дамытуға өзара жәрдемдесу, сондай-ақ білім, ғылым және бизнестің интеграциясын дамыту мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға «АлЭС» АҚ мен Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ өкілдері қол қойды
- «Алматы – біздің ортақ үйіміз» экологиялық кампаниясы (Проходная өзенін тазарту)
Мамыр
- Компанияның жыл сайынғы Спартакиадасы
- Интернационалист жауынгерлерді құттықтау
- Қайырымдылық науқандар
Маусым
- EPC-мердігер мен Dongfang Electric International Corporation арасында 3-ЖЭО-ға негізгі жабдықтарды (генераторлары бар бу турбиналары) жеткізу туралы келісімшарт жасалды
- «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы арасында Спартакиада бойынша жалпы командалық 3-орын
- «#Бірге – таза таулар» көшпелі акциясы (Бутаков шатқалында қоқыс жинау)
Шілде
- EPC-мердігер мен «ЗИО-Подольск» АҚ арасында 3-ЖЭО-ға негізгі жабдықтарды (утилизатор-қазандықтарды) жеткізу туралы келісімшарт жасалды
- «АлЭС» АҚ-ның 2-ЖЭО-да тірек қабырғасының құрылысы» жұмыс жобасы бойынша «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысы алынды
- Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО «Ғ.Дәукеев атындағы АЭА» КЕАҚ студенттері дуалды оқыту элементтерін қолдану арқылы практикадан өтті
- «Эдельвейс» балалар сауықтыру лагеріндегі «Мектеп елшілері» бағдарламасы
Тамыз
- «АлЭС» АҚ-ның 2-ЖЭО-да нөсер және шаруашылық-тұрмыстық ағындардың сорғы станцияларын салу» жұмыс жобасы бойынша «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысы алынды
- Қазақстанда қазандықтарды жинауды оқшаулау туралы Меморандумға «Подольск машина жасау зауыты» АҚ және құрамында «KBI Energy Group» ЖШС және «Энерго Спец Строй» ЖШС (ЕРС мердігері) бар Консорциуммен қол қою
- EPC мердігері мен «ЗИО-Подольск» АҚ арасында Қазақстан Республикасында ЖЭО-ға арналған қазандық-кәдеге жаратқыш жабдықтарының негізгі компоненттерін құрастыру бойынша өндірістің 50%-ын оқшаулау туралы Меморандумға қол қою
Қыркүйек
- ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В. Склярдың төрағалығымен «Алматы 2-ЖЭО-ның қоршаған ортаға тигізетін әсерін барынша азайту арқылы жаңғырту» жобасына «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысын алғанға дейін құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуын қамтамасыз етуге қатысты ҚР Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңестің отырысы өтті»
- Түзетулер енгізілген № 02-0161/24 ТЭН-ге «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысы алынды
- Universita degli Studi di Genova (АУЭС-Генуя) –мен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, ол жылу энергетикасы саласындағы практикалық дағдыларды игеру және кәсіби даярлау мақсатында практиканың/тағылымдаманың тәртібі мен шарттарын айқындайды
- «Таза Қазақстан: Проходная өзеніндегі акция» (Проходная өзенін тазарту)
- Жастардың кітап клубы ұйымдастырылды
Қазан
- «Самұрық-Энерго» компаниялар тобының «Энергия молодых» КТК фестивалінде «Токи в шоке» командасының жеңісі
- АлЭС персоналды даярлау бөлімінің базасында Satbayev University кафедрасында «Энергетика» филиалын ашу
- Тас көмірді жағу кезінде қазандық агарегаттарының экологиялық көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында 2-ЖЭО аумағында кешенді тазарту (КСО-100) жүйесінің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын жүргізу үшін «Д.В. Сокольский атындағы Отын, катализ және электрохимия институты» АҚ-мен келісімге қол қойылды
- Энергетиктердің тимбилдингі: компания кәсіподағы ұйымдастырған балалық шаққа «іссапар»
Қараша
- Экологиялық бақылау деректерін онлайн режимде беру басталды
- Алматы 2-ЖЭО Жаңғырту жобасы бойынша I санаттағы объектілер үшін әсерге экологиялық қорытынды алынды
- Компания қызметінің ISO 9001, ISO 14001, ISO 50001, ISO 45001, ISO 37001 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігін бағалау үшін Сапа менеджментінің корпоративтік жүйесі бойынша сыртқы қадағалау аудиті сәтті өтті
- Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй алуға құжаттарды қабылдауды бастау
- Экологиялық челлендж: «Эко-трендте бол!»
Желтоқсан
- 11 желтоқсанда «АлЭС» АҚ электр энергиясын өндірудің жылдық жоспарын орындады
- 2024-2038 жылдарға арналған «АлЭС» АҚ баламалы отын түрі ретінде газды пайдалана отырып, генерациялайтын қондырғыларды салумен бірге жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған № 52 инвестициялық келісімге қол қойылды
- А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО үшін Чарльстон (АҚШ) портынан газ турбинасының генераторын тиеу жүргізілді
- А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО үшін Гамбург (Германия) портынан Газ турбинасының негізделген жабдығы мен кешенді ауа тазарту құрылғысы тиелді
- «Vulban construction materials limited» ЖШС-мен күл-қож қалдықтарын кәдеге жарату және қайта өңдеу жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру жөнінде меморандум жасалды
- Генуядағы (Италия) Ansaldo Energia зауытында 3-ЖЭО үшін AE94.2 генераторы роторының сынақтары сәтті өткізілді
- «Жарқын болашақ» жастар ұйымының V форумы
- «АлЭС» АҚ Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО бу турбиналарын басқару орталық жылу қалқанының машинисі Айдос Масиралиев «Үздік өндіріс маманы» байқауының жеңімпазы атанды
- 2024 жылдың 12 айында 10 рационализаторлық ұсыныс берілді, 10 мақұлданды. Олар үшін 35 бірлескен авторға 5,05 млн. теңгеден астам сыйақы төленді
- Энергетика күніне орай компанияның 173 қызметкері марапатталды
- «АлЭС» АҚ қызметкерлерінің отбасыларында 157 сәби дүниеге келді