«АлЭС» АҚ мен Siemens Energy компаниясы газдандырылған станциялар үшін кадрларды даярлау мәселесін талқылады
2025 жылғы 30 шілдеде «АлЭС» АҚ-да Siemens Energy компаниясының, Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ, сондай-ақ «Түркістан БГҚ» ЖШС өкілдерінің қатысуымен газдандырылған электр станциялары үшін кадрларды даярлау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Кеңесте А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-да орнатылатын жаңа қондырғылармен жұмыс істеуге арналған мамандарды оқыту мәселесі көтерілді. Siemens Energy Power Academy мамандары Omnivise T3000 жүйесімен жұмыс істеуге арналған базалық, инженерлік және техникалық қызмет көрсету курстарын ұсынды. Сонымен бірге 3D-визуализация технологиясы, қашықтан оқыту әдістері және штаттан тыс жағдайларды модельдеуге арналған цифрлық тренажёрлар таныстырылды.

– Газдандыру жобаларының сәтті жүзеге асуы тікелей білікті мамандарға байланысты. Біз халықаралық оқыту әдістерін енгізе отырып, кадрларымыздың тұрақты дамуына жағдай жасауды көздеп отырмыз, – деді «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары – Бас инженерi Бауыржан Қалиев.

Кеңес қорытындысы бойынша Omnivise T3000 жүйесі бойынша оқыту бағдарламасын цифрлық тренажёрды қолдана отырып ұйымдастыру, кадрларды даярлау мәселелері бойынша Энергетика министрлігіне бірлескен үндеу әзірлеу, 2-ЖЭО және 2-ЖЭО үшін 2026–2029 жылдарға арналған ұзақ мерзімді оқыту стратегиясын дайындау, АЭжБУ базасында кадрларды қайта даярлау орталығын құру мүмкіндігін қарастыру, сондай-ақ EPC-мердігерлер тарапынан халықаралық стандарттарға сәйкес оқыту үдерісін қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды.

Қабылданған шаралар білікті кадр резервін қалыптастыруға және газдандырылған станцияларда жаңа жабдықтарды сенімді және апатсыз пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.