«АлЭС» АҚ экологтары тауда сенбілік өткізді: табиғатты қорғау әр адамнан басталады
2025 жылғы 25 сәуірде «АлЭС» АҚ экологтары «Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде кезекті экологиялық акция өткізу үшін теңіз деңгейінен 1 174 метр биіктікте орналасқан көркем Аюсай шатқалына барды. Олардың мақсаты Каскад ГЭС дросселі аумағындағы қоқыстарды тазарту болды, онда керемет сұлу табиғатқа қарамастан, адамдардың қоршаған ортаға немқұрайлы қарауының іздері жиі қалады.
Аюсайдың таулы бөктерінің сұлулығы таң қалдырады: жасыл шыршалар, гүлдеген итмұрын, күміс тектес теректер және жабайы өрік ағаштары қайталанбас кұйге енгізеді. Алайда, экологтар атап көрсеткендей, бұл сұлулық туристердің жауапсыздығынан зардап шегуде.
Елена Давыдова, Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженері өз байқағанымен бөлісті:
– Тазалау орнына барар жолда біз туристердің бірнеше тобын басып оздық. Әрқайсысының қолында тауда қалуы ықтимал пластикалық бөтелкелер болды. Адамдар табиғаттан ләззат алады, бірақ әрқашан артында не қалдыратыны туралы ойланбайды.
ЖЭО-3 департаментінің инженер-экологы Светлана Ермолина табиғатты өлтіретін қоқыс деп санайды: «Қалада біз қоқыстарды көріп, тазалаушыларды кінәлаймыз. Тауларда мәселе тереңірек екенін түсінеміз. Бір лақтырылған бөтелке 450 жыл, әйнек миллион жылға дейін ыдырайды. Адам өз артынан соншама қалдық қалдыратын жалғыз тіршілік иесі».
Жиналған қоқыс негізінен пластикалық бөтелкелер, бір рет қолданылатын ыдыс-аяқтар, сөмкелер, консервілер мен шыны ыдыстар. Осының бәрі ландшафтты бұзып қана қоймайды, сонымен қатар топырақты, суды уландырады, жануарлар үшін өлімге әкелетін тұзаққа айналады.
Каскад ГЭС инженері Наталья Митусова былай дейді:
– Адамдар өздеріне қамқорлық жасай отырып, тауға тамақ пен сусын алады. Бірақ қандай да бір себептермен табиғат қамқорлықты қажет ететінін ұмытып кетеді. Қоқысты өздерімен бірге алып кетіп, жолдағы контейнерге тастауға болады ғой.
Бұл күні экологтар әрқайсысының салмағы 10-15 кг болатын 15 қап қоқыс жинады. Алайда ең бастысы – тазарту ғана емес, қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу: «Экология – әркімнің таңдауы».
Айнель Курманбаева, қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас маманы:
– «АлЭС» АҚ акциялары алтыншы жыл өтуде. Бұл жай сенбілік емес – бұл туған жерге деген сүйіспеншіліктің көрінісі. Біз әр адамның ойлағанын қалаймыз: тіпті кішкене үлесіміздің өзі әлемді таза етеді.
Табиғатқа қалай көмектесе аламыз? Барлығы қарапайым:
– бір рет қолданылатын пластикті пайдалануды азайтайық;
– серуен, пикниктен кейін қоқысты өзімізбен бірге алып, арнайы қоқыс орнына тастайық.
– қайта өңдеу үшін қалдықтарды сұрыптап тапсырайық;
– айналамыздағы жақынғ таныстарымызға экологияның маңыздылығы туралы айтып, өзіміз үлгі болайық.
«Табиғаттың тазалығы бізден басталады!» – деп санайды акцияға қатысушылар. «АлЭС» АҚ қоршаған ортаны қорғауға және планетамыздың болашағына қамқорлық жасауға шақырады.