«АлЭС» АҚ-дағы Наурыз: дәстүр, бірлік және қуаныш мерекесі
12 сәуірде «АлЭС» АҚ қызметкерлері отбасыларымен бірге Наурыздың жарқын атмосферасына енді. Шуақты күн, ұлттық әуендер мен дәстүрлі тағамдардың хош иісі биылғы концертті, ұлттық спорт ойындарын, кішкентай балаларға арналған әдет-ғұрыптар мен ойын-сауықты біріктіре отырып, жаңа форматпен таң қалдырған мерекенің қайталанбас ерекшелігін тудырды.
– Бұл мерекеден де артық – бұл ұрпақтар арасындағы көпір, – деді іс-шара туралы энергетика ардагері Жаңбыршы Ғалым. – АлЭС дәстүрді сақтап қана қоймай, сонымен қатар тәжірибе жасаудан да қорықпайды. Мерекелер ұжымды біріктіру үшін өткізіледі. Бүгінде мен жастардың байқауларға, спорттық іс-шараларға қызығушылықпен қатысқандығын көріп отырмын. Мирасқорлық деп осыны айтуға болады!
Қонақтардың арасында қазақ салт-дәстүрлерінің театрландырылған қойылымдары ерекше мақтаныш сезімін тудырды. Себебі әрбір өндірістік департамент әр қойылымға өз жүректерін салып отырды:
– 3-ЖЭО қызметкерлері әсерлі қойылымды – беташарды қайталады, яғни қалыңдықтың туыстарына бет ашатын сәтін көрсетті.
– БЖК қызметкерлері қыз ұзату қойылымымын таң қалдырды, онда Қазандық цехы қазандықтарының машинисі, компанияның қол күрестіру бойынша үш дүркін чемпионы Мұхамед Куан күйеу жігіттің жолдасын ойнады: «Мен өзімді сынауға бел будым. Біз әрбір бөлшектің тамаша шығуы үшін екі апта бойы қатты дайындалдық!»
– «Энергожөндеу» ӨЖК қызметкерлері, кішкентай Ахметәлінің алғашқы қадамдарының, яғни кішкентай сәбидің тұсаукесер әдет-ғұрпымен жүректі тебірентті. Оның әкесі Саунбеков Жасұлан: «Ұлым енді тек жүріп қана қоймай, сонымен қатар біздің мерекеміздің нышанына айналды. Әріптестеріміздің біздің отбасымызды қолдайтынын көру – бұл ерекше бір бақыт».
– Каскад ГЭС қызметкерлері көрермендерді керемет құдалықпен бағындырды. Қызметкерлер кәсіби актерлар сиақты ескі әдет-ғұрыптың әзілін, даналығын және эмоциясын жеткізіп, көрермендерді біресе күлдіріп, біресе түрегеп тұрып қол шапалақтауға мәжбүрледі.
– А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО көрісу салтына дем берді. Қойылым соншалықты шынайы әрі қызықты өткендіктен, көрермендер күлімсіреп, сахнаның қасына жиналып суырып салма биге кірісе бастады.
– Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС қызметкерлері қонақтарды жас аналарға арналған салт-дәстүр – шілдеханның атмосферасына енгізді. Қызметкерлер әдет-ғұрыпты жай ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар оны халық костюмдерінен бастап, көне әуендерге дейінгі дәлдікпен қайта жасады.
– Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО қызметкерлері кәдімгідей «баланы атқа мінгізу» спектаклін қойды. Бұл үшін әдемі жылқысы бар жігіт арнайы шақырылды, ал осы рәсімнің кішкентай «батыры», қызметкердің ұлы, болашақ батыр ретінде өміріндегі алғашқы құттықтауларын қуанышпен қабылдады.
– ОҚТО қызметкерлері бағдарламаны ақындардың поэтикалық сайысы – қарқынды «айтыспен» ашты. Тапқыр жолдар, ырғақты күйлер мен жарқыраған әзілдер бүкіл мерекенің үнін белгіледі.
Спорт алаңында салауатты бәсекелестік рухы орнады. Қошқар көтеру жарысында қатысушылар қошқар дәлбедерін мойындарына салып, отырып-тұру бойынша жарыстарын өткізді, ал Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО машинисі Тұрысбаев Азамат қошқар дәлбедерін – 111 рет көтерді! «40 кг – кәдімгідей ауыр салмақ, бірақ бүкіл команда сен үшін жанкүйер болып тұрған кезде, тіпті шаршағандығың басылып қалады екен. Жеңімпаз 270 рет отырып-тұрды, сондықтан осындай нәтижеге қол жеткізу үшін әлі де болса тырысу қажет», – деді ол.
Командалар басқа да ойын түрлерінен қалып қойған жоқ: «арқан тартуда да» командалар арқанды қытырлағанша созуға тырысты, ал «садақ атуда» дәлме-дәл атқыштар жарысты. Тіпті, А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-ның бұрынғы қызметкері Галина Кубрак сияқты зейнеткерлер де ойындарға қатысты: «Наурыздың энергиясы кәдімгідей қуаттандырады, ал мен болсам өзімді қайтадан, тағы да жас сезініп отырмын! АлЭС әрқашан достық ұжымымен танымал. Мұндай мерекелер адамдарды одан да әрі жақындатады».
Ата-аналар байқауға қатысып жатқан кезде, балалар арнайы аймақта көңілдерін көтеріп жүрді. 3-ЖЭО Химиялық цехының бастығы Сүлейменова Индираның қызы – Айбике болса, шоколад фондюінен шықпай жүрді: «Анам әрдайым үйде наурыз көже дайындап жүретін, ал бүгін біз бірге сурет салып, бірге күліп жүрміз. Бұл мен үшін ең жақсы сыйлық!» – деді ол.
Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО Қазандық цехының бастығы Мақсұтов Бейбіт 20 жыл бойы әріптестеріне әр наурыз сайын палау дайындап келе жатыр. Биыл ол алғаш рет қонақ атанды: «Палаудың дәмін таттым – өте керемет! Өте дәмді. Бірақ менің ресебімнің құпиясы бәрібір құпия болып қала береді», – деп әзілдейді ол.
Концерттік бағдарлама зейнеткерлерден бастап балаларға дейінгі барлық ұрпақты біріктірді. Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС хатшысы, шілдеханның салт-дәстүріне қатысушы Балжан Әбиден: «Біз сценарийді өзіміз жаздық, күнделікті ауысымнан кейін дайындалып жүрдік. Көптеген эмоциялар – балалық шаққа оралғандай!».
Іс-шара жалпы бимен және көптеген тілектермен аяқталды.
– Бәрі керемет ұйымдастырылған! Сәнді әріптестер, фотоаймақтар, концерт – осындай мереке үшін көп-көп рахмет! – деп атап өтті «Энергожөндеу» ӨЖК Арматуралық-механикалық цехының еңбекті ұйымдастыру және нормалау жөніндегі инженері Бекмұхамедова Марьям.
Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО Турбиналық цехының қараушы-машинисі Жұмаев Данияр былай деп қорытындылады: «Нұрлы күн, балалардың күлкісі, ұжым үшін мақтаныш – осындай Наурыз міндетті түрде жылдар бойы есте қалады. АлЭС, бізді бір отбасындай жасағаның үшін рақмет!»
Бүгінгі өткен күн жаңа жетістіктерге деген бастама болсын, ал бірлік рухы болса, көктемгі жел сияқты компанияны табысқа жетелей берсін!
Бейнежазбаны қараңыз https://www.youtube.com/watch?v=nzeiNOjE_Ik
https://www.youtube.com/shorts/2Ih7FYmcRIE