Тиімділік пен жетістіктер: «АлЭС» АҚ-да Дүниежүзілік еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау күні аталып өтті.
«АлЭС» АҚ-да Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орайластырылған «АлЭС» АҚ өндірістік департаменттері арасында еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты үздік ұйымдастыруға арналған жыл сайынғы байқау – конкурс өтті.
Биыл барлық өндірістік департаменттердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтері қызметкерлерінің көшпелі кеңесі А.Жақұтов ат. 2-ЖЭО-да өткізілді, онда 2023 жылдың қорытындысы шығарылып, 2024 жылға арналған міндеттер қаралды.
Байқау жеңімпазы болып А.Жақұтов ат. 2-ЖЭО қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметі танылды, оларға Еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты үздік ұйымдастырғаны үшін Кубок табыс етілді.
Екінші орынды 3-ЖЭО қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметі алды. Үшінші орынды СЭС каскадының қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметі иеленді. Барлық жеңімпаздар «АлЭС» АҚ Ұжымдық шартына сәйкес Құрмет грамоталарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің негізгі мақсаты-жұмыс берушілердің, жұмыскерлердің, жұртшылықтың назарын өндірістік жарақаттану және қолайсыз еңбек жағдайлары проблемаларына аудару, сондай-ақ осы проблемаларды шешуге көмектесу – деді Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Кәрім Сартаев.