«АлЭС» АҚ Әзірлік паспортын алды
Артқа
26.09.2024

«АлЭС» АҚ Әзірлік паспортын алды

2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық мақсатында «Алматы электр станциялары» АҚ-ның барлық кәсіпорындарында негізгі және резервтік отынның қажетті қолданымдық қоры жинақталды. Бүгінгі күні «АлЭС» АҚ бойынша резервтік қазандар мен турбиналарды ескере отырып, қысқы максималды жүктеме кезеңінде жылу қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті энергия көздері жабдықтарының жеткілікті құрамы бойынша жөндеу жүргізіліп, дайындық жасалды.

Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңына сәйкес «Алматы электр станциялары» АҚ 2024-2025 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінде ең жоғары жүктемені көтеруге дайындығын растайтын паспорттар алды, оның ішінде:

Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы «АлЭС» АҚ Батыс жылу кешені жабдықтарының дайындығын тексерді және 2024 жылдың 25 қыркүйегінде 2024-2025 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіндегі жұмысқа әзірлік паспортын берді.

ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті «АлЭС» АҚ объектілері жабдықтарының дайындығына тексеру жүргізді және 2024 жылғы 25 қыркүйекте энергия өндіруші ұйымдардың 2024-2025 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіндегі жұмысқа әзірлік паспортын берді.