AлЭС: 2024 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер жөніндегі баяндаманың қоғамдық тыңдаулары
2024 жылдың 23 шілдесінде «АлЭС» АҚ 2024 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтер – жылу энергиясын өндіру, тұтынушыларға және басқа да мүдделі тұлғаларға магистральдық құбырлар арқылы су беру бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы есеп берді.
«АлЭС» АҚ «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын» басшылыққа ала отырып, өзінің www.ales.kz интернет-ресурсында ақпаратты жариялау арқылы реттеліп көрсетілетін қызметтердің барлық тұтынушыларын және басқа да мүдделі тұлғаларды хабардар етті.
Қоғамдық тыңдауларға «АлЭС» АҚ өкілдері, реттелетін қызметтерді тұтынушылар, қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің өкілдері қатысты: Табиғи монополияларды және бағаларды реттеу департаментінің басшысы А.Г. Жанабаева.
«АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Е.К. Маширов өзінің баяндамасында, «АлЭС» АҚ-табиғи монополия субъектісі болып табылады, ол табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізілімінің жылу энергиясын өндіру және магистральдық құбырлар арқылы сумен қамтамасыз ету бойынша республикалық бөліміне енгізілгендігін деп атап өтті.
Бекітілген тарифтік сметада көрсетілген қызметтердің көлемі жылу энергиясын өндіру қызметтері үшін 5,6 млн Гкал сомасында қарастырылған. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жылу энергиясын өндіру бойынша көрсетілген қызметтердің нақты көлемі 3,1 млн Гкал құрады, 56%-ға орындалды.
Жылу энергиясын сатудан түскен кіріс 15 800 млн теңгені, шығыстар 16 436 миллион теңгені құрады. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы шығын 636 млн. теңге деңгейінде қалыптасты. Залалдықтың себебі – жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметтердің қолданыстағы тарифі табиғи монополия субъектісінің дамуына және тиімді жұмыс істеуіне бағытталған реттеліп көрсетілетін қызметті көрсетуге және пайда алуға жұмсалған шығындарды өтеуді қамтамасыз етпейді.
Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ТМРКД-нің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бірлескен бұйрығымен 2024 жылға арналған «АлЭС» АҚ-ның 1 996,9 млн.теңге сома көлеміндегі өз қаражаты есебінен жылу энергиясын өндіру жөніндегі инвестициялық бағдарламасы бекітілді. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес инвестициялық бағдарламаның көрсеткiштерi бiр жылға бекiтiлсе, 1-жартыжылдықта iс жүзiнде 394,7 млн.теңге немесе 20%-ы орындалды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша «АлЭС» АҚ бекітілген инвестициялық бағдарламаның көрсеткіштерінің толық орындалуын болжайды. Бұл ретте 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында «Алматы 2-ЖЭО қайта құру және кеңейту. III кезең. №8 қазан агрегаты» инвестициялық жобасын қаржыландыруға тартылған инвестициялық несие бойынша 886,0 млн.теңге көлеміндегі негізгі қарыз өтелді.
Көрсетілген қызметтердің нақты көлемі магистральдық құбырлар арқылы сумен жабдықтау қызметінен көрсетілетін қызметтер 2024 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша. 14,4 миллион м3 құрады, 49%-ға орындалды. Химиялық тазартылған суды сатудан түскен кіріс 879,4 млн.теңге, шығыстар 955,4 млн.теңге, шығын 76,0 миллион теңге.
Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша ТМРКД-ның, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бірлескен бұйрығымен 2021-2025 жылдарға арналған магистральдық құбырлар арқылы сумен жабдықтау қызметінің Инвестициялық бағдарламасы бекітілді. 2024 жылға арналған бекітілген инвестициялық бағдарламада көзделген іс-шаралар 89,4 млн.теңгені құрайды. Бекітілген қаржыны игеру, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған.
Есепті тыңдағаннан кейін тыңдаушылар тарифтік сметаға, қызметтің болашағына қатысты сұрақтар қойып, тарифтердің ықтимал өзгерістерін талқылады. Барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.