Айдос Масиралиевтің шыңнан шыңды бағындыруы
Алматылық жас энергетик Айдос Масиралиев тағы бір шыңды бағындырды – бұл жолы Шығыс жотасы бойындағы Жастар шыңы болды. Ол 2024 жылдың 31 тамызында «Алматы 2024 Альпиниадасы» аясында өткен жаппай шыңға шығуға қатысты. Күрделілік дәрежесі 1Б Альпиниадаға мыңнан астам адам қатысты. Бағыт Медеу (1600 м) – Шымбұлақ (2380 м) – Тұйық-Су шатқалы (2400 м) – Мыңжылқы (3100 м) – Тұйық-Су мұздығы (3500 м) – Жастар шыңы (4147 м) көрсеткіштері бойынша өтті. Яғни, биіктіктер алмасуы шамамен 2000 м болды.
Тіркелген 1000 қатысушының 354-і шыңға шықты. Олардың қауіпсіздігін Альпинизм федерациясының 25 альпинисті және 15 құтқарушы қамтамасыз етті. «АлЭС» АҚ туымен шыңға жеткендердің қатарында Айдос Масиралиевте болды.
Айдос, Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО бу турбиналарын басқарудың орталық жылу қалқанының машинисі, дәстүр бойынша өзімен бірге шыңға шығуға компания туын алады. Сол арқылы ол тек өзінің жеке жеңісі ғана емес, алматылық энергетиктердің, барлық компанияның жеңісі екенін білдіреді.
– Мен Шымбұлақтан таңғы сағат 5:30-да шығып, ШЫҢҒА түскі сағат 12:21-де жеттім – дейді Айдос Масиралиев. – Менің белгілерім бойынша жүріп өткен қашықтығым шамамен 13 шақырымды құрады. Алматылық (Комсомол) шыңға қарағанда, бұл жолы көтерілу мен үшін қиынға түсті. Мүмкін, біз бүкіл бағытты тоқтамай, алдыңғы жолғыдай түнемей, өтіп шыққаннан болар. Жол көптеген өрлер мен еңістерге толы, ұзақ болды. Жалпы айтқанда, менің мақсатым тағы бір шыңды бағындыру, өзімді тағы бір рет төзімділікке тексеру болды, мен мақсатыма жеттім!
Естеріңізге сала кетейік, Альпиниада Алматының бірегей визит карточкасына айналды. Қазақстанның спорт туристері Достастығының сайты turclub.kz. хабарлағандай, Алматы – жылына бірнеше мың адамның қатысуымен бірқатар шыңдарға шығуды үнемі өткізетін әлемдегі жалғыз қала. Әдетте, Қазақстанның оңтүстік астанасының туризм басқармасы тапсырмасы бойынша шыңдарға шығу жолдарын Алматы қаласының альпинизм федерациясының, қаланың Альпинизм мектебінің және turclub.kz спорттық туристер Достастығының альпинистері дайындайды. Жол бойы Алматы альпинизм федерациясының дайындалған тау еріктілері барлық қатысушыларға көмек пен қолдау көрсетті, жедел жәрдем кезекшілікте болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарақаттар, құлаулар болған жоқ.
Алматы қаласының Альпинизм федерациясының falp.kz сайты Жастар шыңына шығу Альпиниадасы халықты туризмнің белсенді түрлеріне тарту, альпинизмді дамыту және танымал ету мақсатында, былтырғы Ел Президентінің халыққа жолдауына, «ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына, Елдің туристік саласын дамыту тұжырымдамасына сәйкес өткізілгенін айта кетті.
Қала бұрыннан еліміздің қаржылық, мәдени астанасы ретінде қалыптасқан, және Алматыны Қазақстан альпинизмінің астанасы деп атауға толық негіз бар. Бұған дейін алматылық альпинистер Қаһарман Панфиловшылар шыңын (12-мамыр) және Айдос Масиралиев қатысқан, Алматы (Комсомол) шыңын 7-шілдеде бағындырған.
– Бұл оңай болған жоқ, шынымды айтсам, – деп мойындайды жас өрлеуші жастар шыңына көтерілгеннен кейін. – Бір қызығы, бүкіл бағыттың ең қиыны, көтерілу емес, түсу болды. Бірақ бұл оған тұрарлық еді. Кіші алматы мен Күмбелсу шатқалдарының арасында орналасқан Жастар шыңының көрінісі өте әсерлі болды, әрине, таулардың ұмытылмас сұлулығын сөзбен түсіндіру мүмкін емес.
Жас энергетиктің сезімін жеткізетін Владимир Высоцкийдің мәңгілік өлең жолдарын еске тусірмеске болмайды:
«Весь мир на ладони – ты счастлив и нем
И только немного завидуешь тем,
Другим – у которых вершина еще впереди».
Жастар шыңы оның солтүстік беткейінің етегінде 19 ғасырдың соңынан бастап Тұйықсу мұздығын зерттеумен айналысатын «Тұйықсу мұздығы» Гляционлогиялық станциясы орналасқандығымен ерекшеленеді! Ал таудың батыс жағында Күмбелсу өзенінің су деңгейін бақылайтын гидрологтар үйі орналасқан.
Ұйымдастырушылар мен кәсіби альпинистердің кеңестеріне сүйене отырып, Айдос үнемі спортпен айналысып қажетті физикалық формасын сақтайды және жаңа шыңдарға шығуға дайындалуда. Өйткені, Владимир Высоцкий айтқандай, «Лучше гор могут быть только горы, на которых ещё не бывал».
Кім білсін, мүмкін жақында Айдос таулардың басқа да шыңдарын бағындырар…