Әйелдік емес мамандықтың кейіпкерлері: табандылық пен ерік – нәзіктік пен бақытқа кедергі емес
Артқа
05.03.2025

Әйелдік емес мамандықтың кейіпкерлері: табандылық пен ерік – нәзіктік пен бақытқа кедергі емес

Егер кәсіптерді объективті жағынан әйелдік және әйелдік емес мамандықтарға бөлетін болсақ, онда оған ренжитіндей ештеңе жоқ. Ішінара бөлу – бұл шартты және ол көбінесе ерлер мен әйелдердің жердегі мақсаттары туралы табиғатты түсінуге негізделген. Адамның өмірлік жағдайлары, армандары мен ерік-жігерлері немесе еңбекті жеңілдететін технологиялық жетістіктері ғана ғасырлар бойы тамыр жайған нанымдар сияқты осы шектерді бұза алады.

«АлЭС» АҚ-да «ежелден келе жатқан ерлер» мамандықтарын сенімді меңгерген әйелдер аз емес. Олар өз жұмыс орындарында үлкен жетістіктерге жетіп, адал еңбектерімен ұжымда үлкен беделге ие болды. Бұл ретте әйелге тән емес кәсіп олардың әйел екендігіне, әдемі, шығармашыл тұлға, жақсы үй иесі, адал дос, сүйікті ана, жар болуына кедергі келтірмейді.

Олар осындай күрделі кәсіби-әлеуметтік мәртебеде қалай өмір сүреді? Біз соны Халықаралық әйелдер күні қарсаңында олардың өздерінен сұрап, оларға қиын мамандық пен бақыт туралы алты қарапайым сұрақ қойдық.

  • Қандай жағдайлар немесе оқиғалар сізді әйелдік емес мамандықты таңдауыңызға себеп болды?
  • Оны игерудегі ең қиыны не болды?
  • Сіз кімге арқа сүйедіңіз?
  • Кедергілерге қарамастан өз мақсатына қарай жүретін адамдарға Сіздің беретін кеңесіңіз қандай?
  • Қандай әйелдік әуестену сізді бақытты етеді?
  • Әріптестеріңізге тілейтін тілектеріңіз қандай?

Гүлнар Әбдімәлікқызы МӘЛІКОВА, БЖК қазандық цехының 3-разрядты сорғы қондырғыларының машинисі

Менің осы мамандықты таңдауым сол кездегі жалақының тұрақтылығына байланысты болды.

Шынымды айтсам, бастапқыда мен үшін бәрі қиын болды, өйткені бұл салада тәжірибем болған жоқ. Бірақ уақыт өте келе, тәжірибелі әріптестерімнің көмегі мен еңбексүйгіштігімнің арқасында мен барлық қиындықтарды еңсердім. Мен тәжірибесі мол әріптестерімнің арқасына сүйендім. Және олар әрқашан көмектесуге, айтуға, түсіндіруге дайын болатын. Мен өз әріптестеріме алғысым шексіз. Олар: Павел Брониславович Охман, қазандық цехының ауысым бастығы, Игорь Владимирович Когтев, қазандық цехының аға машинисі. Менің ойымша, жұмыста осындай тіректің болуы өте маңызды. Әсіресе, сіз жаңа қиындықтарға немесе қиын жағдайларға тап болған кезде. Менің ойымша, әйелдер үшін ең маңыздысы әрқашан қолдау бар екенін сезіну және білу ғана емес, сонымен қатар әріптестеріңнен әрқашан дұрыс, уақтылы кеңестер алу.

Өз мақсатына жеткісі келетіндерге менің айтатын кеңесім: өзіңізге сенімді болыңыз және қиындықтардан қорықпаңыз. Табысқа жету жолы әрдайым тура бола бермейді, кейде қалаған нәрсеге жету үшін кедергілермен бетпе-бет келуге тура келеді. Бірақ – ең бастысы тоқтамау, өз күшіңе сену және әрбір тәжірибені одан әрі өсу үшін сабақ ретінде пайдалану.

Әрине, менде де маған қуаныш әкелетін әйелдік әуестерім бар. Менде ол – үй гүлдерін өсіру. Маған гүлдерге күтім жасау ұнайды, сол арқылы мен үйде жайлы жағдай жасаймын. Гүлдер маған өмірдегі үйлесімділік пен қуаныш сезімін береді!

Құрметті әріптестер! Сіздерге тек алға жылжуларыңызды және жеткен жетістіктеріңізбен тоқтамауларыңызды тілеймін! Жұмыс тек тұрақты табыс әкеліп қана қоймай, қанағат әкелсін. Тұрақты өсуге ұмтылыңыз, біліктілігіңізді арттырыңыз және кәсіби маман ретінде дамыңыз.

Біздің ұжымда әрқашан тек достық атмосферасы орнасын, ал қолдау мен өзара түсіністігіміз біздің ортақ мақсаттарымызға жетуге көмектессін.

Камила АТЕШ, А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО қазандық цехының 3-разрядты сорғы қондырғыларының (мазут) машинисі

Әйелдік емес мамандықты таңдаған кез келген әйел сияқты, менің де таңдауым өмірлік жағдайларға байланысты болды. Өмірімнің қолайсыз кезеңінде маған 2-ЖЭО-да жұмыс ұсынылды, мен оған ойланбастан келістім. Менің үйіме жақын болудан басқа бұл жұмыстың көптеген артықшылықтары бар… Мен жағдайлар мен қиындықтарды жеңдім және менің жұмысым маған қатты ұнайды.

Мен үшін теориялық тұрғыдан да, іс жүзінде де бейімделу кезеңі қиын болды. Сондай-ақ жұмыс кестесіне үйрену оңай болмады, сондықтан мен үшін ең бастысы әріптестермен достасып, ұжымға кіру маңызды болды.

Мен басында қатты күмәндандым… Мен жұмыс істей аламын ба? Қолымнан келе ме? Лауазым өте жауапты және әрқашан физикалық тұрғыдан да, моральдық тұрғыдан да оған дайын болу керек. Бірақ мен оқудан өтіп, бәрін орындап шықтым. Маған көбінесе әріптестерім іс жағынан да, кеңес беру жағынан да көмектесті. Тәжірибелі әріптестерім өз тәжірибелерімен және жігерлендіретін сөдерімен бөлісіп отырды. Маған сенген басшылыққа ерекше рақмет айтқым келеді.

Мен өткен тәжірибеме байланысты, өмірде отбасым үшін де, балаларым үшін де жеңе алмайтын нәрсе жоқ айта аламын. Мен бас тартуға және үмітсіздікке жол бере алмаймын. Өздеріне мақсат қойып, оларға қол жеткізгендер үшін мен: «Осылай ұстаныңыз!» деймін.

Мен әйелдікті жоғалтқан жоқпын: отбасыммен және балаларыммен бірге болуды және тамақ жасауды жақсы көремін. Сондай-ақ, кез келген әйел сияқты мен саяхаттауды және шоппингті ұнатамын!

Өз әріптестеріме, әрине, ең бірінші денсаулық тілегім келеді. Біздің жұмысымыз физикалық және психикалық тұрғыдан қиын, тіпті қауіпті болғандықтан – өзіңізді және жақындарыңызды қорғап жүріңіздер.

Татьяна Анатольевна АЮПОВА, Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО қазандық цехының 4-разрядты газ жабдықтарын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарі

Мен әрқашан қолмен жұмыс істеуді және техниканы білуді ұнататынмын. Айналамда әрқашан қолмен жұмыс істейтін ер адамдар болды және мен де солай істей аламын деп шештім. Сондықтан мен осы мамандықты таңдадым!

Кәсіпте ең қиыны токарлық және бұрғылау сияқты білдектермен жұмыс істеуді игеру болды. Нақты жұмыс істеу керек болды. Мен алдымен жұмыс істей алмаймын деп уайымдадым. Сондай-ақ мен үшін газ жабдықтарын жөндеуді үйрену өте қиын болды, өйткені қауіпсіз жұмыс істеу үшін бәрін толықтай білу керек еді. Сондай-ақ, газ тығынын дұрыс жағдайға айналдыруды үйрену оңай болмады. Әсіресе, егер жабдық ескі болса.

Басында мен цех бастығы мен шеберінен көмек алдым, олар бәрін қалай дұрыс істеу керектігін түсіндіріп берді. Менің әріптестерім, тәжірибелі слесарлар да әрқашан өз кеңестермен көмектесіп, қалай қателеспеу керектігін көрсетіп отырды. Біздің ісімізде әрдайым сырттан келген қолдаудың маңызы өте зор.

Мен өз жолын іздегендерге және «қиғашынан» жүргендерге айтар кеңесім: бір нәрсе қолыңыздан келмесе де – жеңілмеңіз. Егер сүрініп қалсаңыз, қайтадан тұрып, ары қарай жүре біріңіздер. Ең бастысы – өз мақсатыңа тоқтаусыз жету керек, сонда бәрі міндетті түрде орындалады. Мейлі ол қиын болсын, бірақ бұл уақытша, ал болатын нәтиже бар күш-жігерді жұмсауға тұрарлық.

Маған немерелеріме арналған тәтті-нандар мен тәтті-дәмділерді дайындаған қатты ұнайды. Олардың маған «рақмет» деп айтып, тағы да қайта сұрағандары мен үшін қуаныш сыйлап отырады. Бұл демалуға және қажет нәрсені сезінуге көмектесетін өте жағымды әрекет.

Мен барлық әріптестеріме мықты денсаулық және әрдайым қажет болуларын тілеймін! Біздің мамандығымызда бір-бірімізді қолдау және үйлесімді жұмыс істеу өте маңызды. Біздің өмірімізде қуаныштар көп болсын, ал жұмыста бәрі дұрыс болсын.

 

Куласия Алматаевна ЛИМАШЕВА, 3-ЖЭО ҚЦ сорғы қондырғыларының машинисі

Мен өзім «Қуат» шағын ауданында тұрамын және 3-ЖЭО туралы үнемі естіп тұратынмын. Мен бұл станцияда жұмыс істейтіндер туралы әрдайым білгім келіп тұратын. Осыған байланысты мен осында жұмыс істеуге бардым!

Содай қиын болатындай ештеңе болған жоқ. Егер ниетің болса, бұл жерде жұмыс істеу оңай. Менің күйеуім де осы станцияда жұмыс істейді. Біз бір цехта жұмыс істейміз. Ол маған барлық мәселелерде көмектесіп, әрдайым қолдау көрсетіп келеді.

Өз жолымен жүргендерге табанды болуды және өз мақсаттарына жетуді тілеймін.

Менің әйелдік әуестенуім қарапайым: мен ас әзірлеуді және тоқуды ұнатамын!

Мен әріптестеріме бақ-береке, отбасылық амандық, жұмыста табыс және жоғары жалақы тілеймін!