Абусейт БАКИРОВ: жер бетінде көптеген мамандықтар бар, бірақ ең жақсысы – энергетика
39 жастағы ОҚТО аға шебері Абусейт Бакиров өзін-өзі дамыту сатысы бойынша әсерлі жолдан өтті: Республикалық мамандандырылған физика-математекалық мектеп-интернатында (РМФММИ), Алматы энергетика және байланыс институтының, жылу энергетикасы факультетінде оқыды.
Математик-жылуэнергетигі мансапта да жетістіктерге жетті: электрика жөніндегі инженер-жобалаушы мамандығы бойынша Tengizchevroil-де (ТШО) жұмыс істеу, Қазақстанда өте танымал беделді инновациялық – Екінші буынды зауыттың құрылысы Second Generation Project (SGP & SGI) жобасына қатысу. Мұнай саласындағы басқа да маңызды жобаларға қатысу.
Бірақ 2017 жылы Абусейт Бакиров «Алматы электр станциялары» АҚ-ға жұмысқа орналасып, саласын да, жұмыс орнын да күрт өзгертті. Қазір ол компанияның Отын түсіру және қабылдау орталығында (ОҚТО) аға шебер болып жұмыс атқарады. Абусейт өзінің қазіргі жұмысы жайлы айта отырып: «Жер бетінде көптеген мамандықтар бар, бірақ ең жақсысы біреу! Ол – энергетика», – деп мойындайды. Қызылорда облысындағы Янықұрған кентінен келген жігіт мамандыққа мақсатты түрде барды: 1998 жылы конкурстан өтіп, РМФММИ-ге түсуі де; және 2004 жылы Алматыға жылу энергетикасы факультетіне түсуге баруы да. Осы ЖОО-дан кейін елеулі іріктеуден өтіп, шетелдік Tengizchevroil (ТШО) компаниясына жұмысқа тұрды.
– Энергетикадағы жұмыс өте қызықты, – дейді Абусейт Абужусипович. – Энергетика – бұл оңай мамандық емес. Мүмкін біреу басқаша ойлайтын шығар, бірақ қолда бар мәліметтерге сүйенсек, энергетикалық ЖОО-ны аяқтаған адамдардың жартысынан көбі өз мамандықтары бойынша жұмыс істемейді. Ал мен үшін бұл ең жақсы мамандық. Ол сізге «тоқтап қалуға» мүмкіндік бермейді, өйткені сіз күн сайын қызықты, қиын міндеттерге тап боласыз және одан да қызықты шешімдер табасыз. Мен әрдайым көмекке келетін, қолдайтын әріптестеріме ризамын. Компания қызметкерлерімен жұмыс істей отырып, сонымен қатар әртүрлі, ерекше және кейде үлкен жабдықпен, мысалы, тепловозбен жұмыс жасай отырып, мен құнды тәжірибе жинадым. Бұл тәжірибе маған қазір алға жылжуға көмектеседі. Бұл өте маңызды, өйткені технологиялық тұрғыдан әлем өте тез өзгереді. Біздің компания жаңа жабдықтар сатып алады, жаңа технологияларға көшеді, сондықтан мен осында әрі қарай жұмыс істеуді жоспарласам, мамандығымда дамуды тоқтатпауым қажет. Сондықтан менің мақсатым – кәсіби салада үздіксіз даму.
Және бұл тек сөз жүзінде ғана емес: Абусейт Абужусипович үнемі оқудан өтіп, әртүрлі семинарларда, курстарда білім алуға дайын. Ол сондай-ақ энергетика саласындағы жаңа инновациялық технологияларды «АлЭС» АҚ кәсіпорындарында әзірлеу және қолдану процестеріне қатыса отырып, жаңа тәжірибе жинайды.
– Менің ойымша, мен өз мамандығымның жолын енді бастап келемін, – дейді Абусейт Бакиров. – Мен сондай-ақ әріптестерімнің жетістіктеріне және біздің компания «Алматы электр станциялары» АҚ жетістіктеріне шын жүректен қуанамын. Бүгінде ол үлкен қаланы электр қуатымен және жылумен қамтамасыз ететін беделді компания. Компания дамуды, жаңғыртуды жалғастыруда, экология және әлеуметтік міндеттер мәселелерін жүйелі түрде шешеді. Бұл «АлЭС» АҚ бүкіл ұжымын қуантады, өйткені қазіргі уақытта қызметкер өзінің әдеуметтік жағынан қорғалғанын сезінуге және ертеңгі күнге сенімділікпен қарауға мүмкіндік беретін компаниялар аз. Біз сондай-ақ шығармашылық, спорттық тұрғыдан дамуға мүмкіндігіміз бар болғанына өте қуаныштымын. Мысалы, мен бос уақытымда үнемі футбол ойнаймын. Топта мен қақпашымын, сондай-ақ әр түрлі чемпионаттарға қатысамын және «Самұрық-Энерго» ұйымдастырған энергетиктер арасындағы турнирде «АлЭС» АҚ намысын қорғаймын.
Абусейт Бакировтың компанияда беделі жақсы. «Мұндай жауапты адамдар мен сауатты мамандарды тек компаниялар ғана емес, барлық ұлттық энергетика да ұстап қалуға тырысады. – Үздіксіз жаңа нәрселерді игеруге қабілетті және біздің саламыздың өзегін құрайтын жоғары білімді және жігерлі дәл осындай қызметкерлер», – деп атап өтті «АлЭС» АҚ.