Абаттандыру – ортақ міндет әрі игі бастама
Жеке өндірістік учаскені абаттандыру үшін жаппай акцияларды, халық көп жиналатын сенбіліктер мен жексенбілерді күтудің қажеті жоқ. Мұны «АлЭС» АҚ-на қарасты ОҚТО – Отынды қабылдау және түсіру орталығының қызметкерлері дәлелдеді. Олар бастама көтеріп, ағаш отырғызу күнін ұйымдастырды.

Қазан айы жағымды ауа райымен қуантты. Демалыс күндері ауа райы да қолайлы болды, сондықтан ОҚТО қызметкерлері белсенділік танытып, ағаш отырғызуға шықты. Барлығы шамамен он шақты адам жиналып, ОҚТО әкімшілік корпусының, Локомотив депосының аумағында және теміржол учаскесінде 350 ағаш отырғызды.
– Әрине, біз мұны ең алдымен күз-қыс кезеңінде топан су жиналып, теміржол жолдарының тозуына жол бермеу үшін, сондай-ақ экологиялық нормаларды жақсарту мақсатында жасадық, – деді Отынды қабылдау және түсіру орталығының ӨТБ жетекші инженер-технологы Гүлдана Әділбекова. – Ағаш ретінде қарағаш отырғыздық, өйткені ол төзімділігімен, тіршілігімен және ұзақ өмір сүруімен ерекшеленеді – 100 жылдан астам өмір сүре алады. – Бұл бір реттік акция емес. Шынында, ОҚТО құрылғалы бері ұжым аумақты абаттандыру мен гүлдендіруді әрдайым мақсат етіп келді. Ал елде «Таза Қазақстан» қозғалысы кеңінен басталғаннан бері, бұл біздің күнделікті ісімізге айналды. Абаттандырылған жұмыс орны – бұл тек еңбек өнімділігін арттырып қана қоймай, қызметкерлердің қауіпсіздігі мен жақсы көңіл-күйін қамтамасыз етеді.

Шын мәнінде, ағаштар, бұталар, гүлдер отырғызу сияқты қарапайым жұмыстар – бұрындары мазут шаруашылығын су басқан, теміржолдарды жуып кеткен топырақ және жаңбыр сулары проблемаларын шешудің тиімді шарасы болып шықты. Теміржол энергетиктері мұны ОҚТО 1998 жылғы наурызда құрылғаннан кейін бірден байқады. Алғашқы жылдары «су тасқыны» болып тұрды – қатты жауыннан кейін Қарғалы өзені орталық нысандарын, әсіресе мазуттық шаруашылықты басып кететін. Бұл жағдайдың қайталанбауы үшін өз күштерімен өзенді абаттандырып, тастармен қаптады, ал аумаққа ағаштар отырғыза бастады.Нәтижесінде бұл тек эстетикалық көрініс емес, сонымен қатар пайдалы іс болды: жазғы ыстық күндері қызметкерлер ағаштардың көлеңкесінде демалып, уақытша үзіліс жасай алады…