А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО күл-қож шығару құрамдастырылған жүйесінің 7-кезегін іске асыру
Артқа
21.10.2024

А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО күл-қож шығару құрамдастырылған жүйесінің 7-кезегін іске асыру

2024 жылғы 18 қазанда Алматы қаласы бойынша ТМРКД өкілдері мен сарапшылары А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО дренаждық-құрғатқыш гидроқұрылғыларында (ДҚГҚ) болды. Сапар аясында жобаның 7-кезегінің ағымдағы іс-шаралары талқыланды.

Аталған кезеңде 3 800 000 м³ күл-қож қалдығын (КҚҚ) №2 ДҚГҚ секциясынан №2 және №3 орналастыру алаңдарына ауыстыру көзделіп отыр. Сапар барысында ТМРКД сарапшысы Жанна Славко жұмыс барысы жөнінде көптеген сұрақтар қойып, олар бойынша А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО өкілдерінен толыққанды жауапқа қол жеткізді.

Станция директоры Фазоил Салимовтің айтуынша, 2024 жылдың қазанына КҚҚ қалдығының көлемі шамамен 175 000 м³ құрайды. Жоба бойынша жұмыстарды аяқтау 2024 жылдың желтоқсанына жоспарланып отыр.

Аталған жобаның мақсаты – А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-ның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Шешімді іске асыру күл-қож қалдықтарын №2 және №3 орналастыру алаңдарына тиімді орналастыруға, сондай-ақ қойыртпақтың №2 ДҚГҚ секциясына қабылдануын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2-ЖЭО күл-қож шығарудың құрамдастырылған жүйесі гидравликалық болып табылады: қож бен күл сумен араласқан күйде гидрокүлшығару арналары арқылы багер сорғыларының қабылдау ыдыстарына тасымалданады. Осы жерден сорғылар оларды алты күл құбыры арқылы ДҚГҚ-ға айдайды. Жүйе құрғатылып, дренаждалғаннан кейін құрғақ күл-қож қалдықтарын орналастыру алаңында жиналатын №1 және №2 ДҚГҚ оперативтік секцияларын пайдалана отырып, кезектесу режимінде жұмыс істейді.