А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-да вагон аударғыш қалай жұмыс істейді
Артқа
01.12.2025

А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-да вагон аударғыш қалай жұмыс істейді

Айтқали Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-ның кірме жолдарына Боралдай станциясынан көмір тиелген жартылай вагондар жеткізіледі. ОҚТО қызметкерлері құрамды қарап шығып, вагондарды топ-тобымен теміржол таразылары арқылы өлшеуге жібереді. Қыс мезгілінде түсіру алдында көмір тиелген вагондар мұздан ерітетін құрылғыға жіберіліп, қыздырылады. Өлшенгеннен кейін жартылай вагондар жұмыс істеп тұрған вагон аударғышқа түсіруге жіберіледі.

Жұмыс принципі:

1. Вагонды қабылдау
Теміржол құрамы вагон аударғышқа жеткізіледі. Вагон орнынан қозғалып кетпеуі үшін арнайы ұстағыштар мен тоқтатқыштармен бекітіледі.

2. Бекіту
Қысқыш механизмдер вагонды қозғалмайтындай етіп, оны аударғыш платформаныңүстіне мықтап бекітеді.

3. Аудару
Платформа вагонмен бірге 160-180° бұрышқа дейін бұрылады. Нәтижесінде көмір 350х350 мм ұяшықтары бар бункер торларына төгіледі. Торларда қалған ірі кесектерді ұсақтау-фрезалау машиналары майдалап шығарады.

4. Бастапқы күйге қайтару
Түсірілгеннен кейін платформа қайтадан горизонталды қалпына келеді, ұстағыштар вагонды босатады, және ол итергіш арқылы сыртқа шығарылады.

5. Үздіксіз цикл
Бір вагонды түсіруге кететін уақыт — 2-3 минут. Бұл қолмен немесе жартылай механикаландырылған түсіру әдістерімен салыстырғанда едәуір жылдам.

Вагон аударғыштың жұмысы толықтай диспетчерлік пункттен бақыланады.Диспетчер құрамдардың қозғалысын қадағалап, вагондарды жеткізуге пәрмен береді, машинистердің әрекеттерін үйлестіреді. Ол басқару пульті арқылы түсіру процесін жүргізіп, барлық тораптарды – бекіткіштерді, айналдыру жетектерін, конвейерлерді бақылауда ұстайды.

Вагон аударғыштың артықшылықтары:

  • Жүк түсіру жылдамдығының жоғары болуы.
  • Қол еңбегін мейлінше азайту.
  • Ауыр және қатып қалған көмірмен жұмыс істеу мүмкіндігі.
  • Еңбек қауіпсіздігін арттыру.

 

Бейнені қараңыз https://www.youtube.com/watch?v=fJH_JkPZkOk