3-ЖЭО көшбасшылық мінез-құлық аудиті: қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға жасалған қадам
2025 жылғы мамырда «АлЭС» АҚ 3-ЖЭО-да өндірістегі қауіпсіздік мәдениетін арттырудың негізгі құралдарының бірі – көшбасшылық мінез-құлық аудиті өткізілді. Бұл іс-шара еңбекті қорғау мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және барлық деңгейлерде қауіпсіз жұмыс тәжірибесін нығайтуға бағытталған.
Аудит қатысушылардың кең ауқымын қамтыды: шеберлер, инженерлер, цех бастықтары және орта буын басшылары жұмыскерлердің іс-әрекеттерін тікелей жұмыс орындарында бақылап, профилактикалық әңгімелер жүргізді және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту мақсатында кері байланыс берді.
– Басты назарда – нұсқауларды сақтау ғана емес, басшылықтың белсенді ұстанымы: тәуекелдерді жазатайым оқиға болғанға дейін байқай білу, тек кабинетте ғана емес, тәжірибеде оқыту қабілеті және қауіпсіздік бір реттік науқан емес, күнделікті мәдениеттің бір бөлігі болып табылатын ортаны құруға ұмтылу, – деп атап өтті 3-ЖЭО өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі аға инспектор Асхат Бертаев.
Аудит шеңберінде цехтардың басшыларымен және қызметкерлерімен еңбекті қорғау, тәуекелдерді анықтау және нұсқаулықтарды сақтау мәселелері бойынша әңгімелер өткізілді; жұмыс орындарының жай-күйін бақылау, қауіпсіздік пен тәртіп талаптарының сақталуын бағалау; еңбекті қорғау жөніндегі құжаттаманы, нұсқамалардың, журналдар мен іс-шаралар жоспарларының болуы мен өзектілігін тексеру жүргізілді.
Мұндай іс-шаралар нормаларды сақтау формальдылық ретінде емес, кәсіби жауапкершіліктің бөлігі ретінде қабылданған кезде қауіпсіз жұмысқа саналы көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді.
Кері байланыс дағдыларына ерекше назар аударылды: басшы ескертулерді қалай береді, талаптарды сындарлы түрде жеткізе ала ма, бастаманы төменнен қолдай ма және өзін үлгі етіп команданы алып жүреме.
Жүргізілген аудит: 3-ЖЭО-да қауіпсіздік саласындағы көшбасшылықтың тұрақты мәдениеті қалыптасқанын растады, онда басты рөлді тек құжаттар мен регламенттер ғана емес, сонымен қатар басшылардың күнделікті әрекеттері де атқарады. Жұмыскерлердің қауіпсіздікті формальдылық ретінде емес, топтық жұмыс пен жеке жауапкершіліктің бөлігі ретінде қабылдауы өте маңызды.
Оң нәтиже тұрақты дайындықтың, инженер-техникалық персоналдың қатысуының және станция басшылығының қолдауының арқасында мүмкін болды.
Қауіпсіздік мәдениеті тек ереже емес, бұл мінез-құлық. Көшбасшылық мінез-құлық аудиті – нөлдік жарақат пен тұрақты болашаққа бағытталған қадамдардың бірі.