3-ЖЭО-дағы Наурыздың жылы дәстүрлері: көктем, ортақ үйдегі бірлік пен қуаныш
Артқа
20.03.2025

3-ЖЭО-дағы Наурыздың жылы дәстүрлері: көктем, ортақ үйдегі бірлік пен қуаныш

Көктемгі күн, әріптестердің күлімсіреулері, ұлттық киімдердің жарқын бояулары мен жаңа пісірілген бауырсақтардың хош иісі – 3-ЖЭО-да Наурыз мейрамын осылай қарсы алады. Бұл жерде көптеген жылдар бойы жақсы дәстүр қалыптасқан, ол көктем мерекесінің алғашқы күнінде станция қызметкерлері өздеренің жұмыс күндерін жарқын бірлік пен жылулық карнавалына айналдырады.

Домбыра мен халық әуендерінің үндерімен өрнектелген камзолдар мен көйлек киген қыздар мен жастар әр мерекенің бір бөлігін сыйлай отырып, цехтардың барлығын аралап жүреді. Оларды қошеметпен, әзілдермен және өзара амандық тілектерімен қарсы алады. Ерекше әдет-ғұрып ол – шашу, ондағы ізгі тілектермен шашылған тәттілер жомарттық пен мол жылға деген үмітті білдіреді. Үстелдерде әрдайым алтын бауырсақтар пайда болып, олар қатысушылардың пікірінше, «балалық шақ пен үй жайлылығының дәмін біріктіреді».

Бұл жерде ораза ұстайтындарды да ұмытпайды. Оразаны ұстайтын әріптестерге құрма мен бөтелкедегі судың ерекше пакеттері беріледі – ал бұл дегеніміз қамқорлықтың белгісі. 3-ЖЭО – бұл жай ғана жұмыс емес, дәстүрлерді бағалайтын және әркімнің таңдауын құрметтейтін үлкен отбасы.

«Біз әріптестеріміздің көңіл-күйін көтергіміз келді, ал ол біздің қолымыздан келгені рас! Олардың жарқыраған көздерін көру – біз үшін ең үлкен сый болды», – дейді станцияның бас бухгалтері Николенко Мария. Оның сөздерін химия цехының инженері Тойбағаров Бақытжан да қолдауда: «Наурыз – ол адамдар арасындағы шекаралар жойылатын жаңару мерекесі. Біздің станция – ол ортақ үй және бүгін оған көктеммен қоса қуаныш пен үйлесімділік келді».

Өндірістік міндеттердің қарбаласында болатын мұндай сәттер таза ауаның тынысына айналады. Себебі, бір-бірін құттықтау, тәттілер мен әуендермен бөлісу дәстүрі мәдениетті сақтап қана қоймай, сонымен қатар адамдардың таза жүректері мен өзара түсіністігі – қызықсыз жұмыс орнын жарататын, дамытатын, өмірді мерекелейтін жерге айналдыратынын еске салады.

Наурыз мейрамының жылы желдері 3-ЖЭО-ның әр түкпіріне одан әрі келісім әкелсін, ал көктемгі күн осы тату команданың жаңа жетістіктерін нұрландырсын!