2024 жылы қоршаған ортаны қорғау бойынша орындалған іс-шаралар

2024 жылы қоршаған ортаны қорғау бойынша орындалған іс-шаралар

2024 жылы қоршаған ортаны қорғау бойынша жоспарланған келесідей іс-шаралар орындалды:

Атмосфералық ауа:

Тұрақты көздерден болатын ластаушы заттардың шығарындыларын төмендету бойынша келесідей іс-шаралар: станцияның қазан агрегаттарында күлтұтқыш құрылғылардың тазалау дәрежесін ұстап тұру жұмыстары, қазан агрегаттарының оттықтарын, эмульгаторларды жөндеу, қазан агрегаттарындағы технологиялық циклға қатысты бұзушылықтарды жою жұмыстары орындалды. Эмиссиялар мониторингі және барлық өндірістік департаменттердің санитарлық-қорғау аймағының шекарасындағы әсер ету мониторингі жүргізілді.

Iс-шараларды орындаудың экологиялық тиiмдiлiгi: эмиссиялар деңгейiн эмиссиялар нормативтерiнiң жобаларында белгiленген көрсеткiштер деңгейiнде ұстап тұру.

Су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану:

Қазандық, турбиналық, химиялық цехтардағы, тазалау құрылымдарындағы сорғылық жабдықтар жөнделді, су ысырабын қысқарту бойынша іс-шаралар жүргізілді, өндірістік мақсаттағы айналым жүйесі жөнделді, Қапшағай ГЭС-індегі су сынамаларына санитариялық-микробиологиялық зерттеулер жүргізілді.

Іс-шараларды орындаудың экологиялық тиімділігі: апаттық төгінділердің болмауы, ШРТ бойынша жобада белгіленген зиянды заттардың деңгейін ұстап тұру, су тұтыну бойынша белгіленген нормативтерді сақтау, жағалау экожүйелеріне теріс әсерді төмендету

Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу, радиациялық, биологиялық және химиялық қауіпсіздік:

Күл-қож шығару құрамдастырылған жүйесінің шаңдануына жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізілді, қатты тұрмыстық қалдықтар, құрамында сынабы бар шамдар, пайдаланылған майлар мен аккумуляторлық батареялар және басқа да қауіпті және қауіпсіз қалдықтар кәдеге жаратуға өткізілді.

Іс-шараларды орындаудың экологиялық тиімділігі: өндіріс және тұтыну қалдықтарын сақтауға және кәдеге жаратуға қатысты экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық заңнаманың сақталуы, қоршаған ортаға түсетін жүктеменің азаюы.

Жер ресурстарын қорғау, жер қойнауын тиімді пайдалану:

2-ЖЭО-дағы күл үйіндісін қайта құру және кеңейту, 1-, 2-, 3-ЖЭО күл-қож шығару құрамдастырылған жүйесінің шаңдануына жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізілді, 1-, 2-, 3-ЖЭО, БЖК, Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС, «Энергожөндеу» ӨЖК департаменттерінің қатты тұрмыстық қалдықтары, құрамында сынабы бар шамдары және басқа да қауіпті қалдықтары кәдеге жаратуға өткізілді.

2024 жылы келесідей экологиялық акциялар өткізілді:

«Қағаз десанты» – макулатураны жинау және өткізу бойынша пайдалануға жарамсыз 4,4 тонна қағаз бен картон қайта өңдеуге тапсырылды;

«Батарейкаға – екінші өмір» – пайдаланылған тұрмыстық батарейкаларды өткізу акциясы, 94 килограмм тұрмыстық батарейка өткізілді.

2024 жылы Алма-Арасан шатқалында, Проходная өзенінде өндірістік департаменттер мен бас кеңседегі барлық жауапты экологтардың, Әйелдер клубы мүшелерінің қатысуымен қоқыс жинау бойынша үш көшпелі акция өткізілді. Акция қорытындысы бойынша көлемі 35 литр 85 қоқыс пакеті жиналды.