«Әке, біз тағы қашан сенің жұмысыңа барамыз?»
Артқа
05.06.2025

«Әке, біз тағы қашан сенің жұмысыңа барамыз?»

3-ЖЭО станциясында балаларға арналған Ашық есік күні өтті

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау айлығы аясында 3-ЖЭО-да ерекше әрі жүрекке жылы іс-шара – балалардың ата-аналарының жұмыс орынмен танысу күні ұйымдастырылды. Бұл жай ғана экскурсия емес, шын мәнінде ұрпақтар сабақтастығын, қауіпсіздік мәдениетін терең сезіндіретін оқиға болды. Көптеген балалар үшін бұл күн – әр шаңырақта жылы жайлылық пен жарықты сенімді қамтамасыз ететін қызықты энергетика әлеміне алғашқы қадам болды. Ата-аналарының жұмыс орнына барып, күрделі қондырғыларды өз көздерімен көріп, нағыз өндірістік үдерістермен танысу – олар үшін үлкен әсерге айналды.

– Балаларым 3-ЖЭО-ға баратынын және менің жұмыс орнымды көре алатынын білген сәттен бастап, күн санап күтіп жүрді, – дейді 3-ЖЭО электр цехы бастығының орынбасары Ринат Авазбаев өз әсерімен бөлісті: – Экскурсия кезінде аса ынтамен тыңдап, еш қысылмай сұрақ қойды. Әсіресе химиялық цехтағы сұйықтық түсі өзгеретін «сиқыр» көрсетілген сәт қатты әсер етті. Мұның бәрі балалардың қызығушылығы пен таңданысын тудырды. Мені ең толқытқаны – олардың үйге келіп: «Әке, біз тағы қашан сенің жұмысыңа барамыз?» – деген сұрағы болды.

Іс-шара ата-аналарға да терең әсер етті. Көпшілігі балаларының көзімен өз жұмыстарына жаңаша қарады. Бала көзімен қарау – ерекше сезімге бөледі.

– Бұл күн үшін алғыс айтамын! Ұлымыз экскурсиядан үлкен әсермен оралды, – деп өз әсерімен бөлісті 3- ЖЭО бас бухгалтері Мария Николенко: – Әсіресе бас басқару пульті баламды ерекше таңғалдырды. Егер ол энергетиктер әулетін төртінші буын болып жалғастырса – мен үшін бұл үлкен мақтаныш болады.

Мұнай шаралар өндірістік алаңдармен танысу ғана емес, бұл ұрпақтар арасындағы эмоционалды байланыс, мәңгі есте қалар естелік, бәлкім, балалар үшін болашақ мамандықты таңдауға алғашқы қадам болар. Ал ата-аналар үшін –корпоративтік мақтаныш және ішкі мотивацияның артуы. Ашық есік күні – бұл жүрекке жол табатын және бүкіл ұжымдық рухты біріктіретін нағыз корпоративтік оқиға боды. Кім білсін, күндердің бір күнінде балалардың бірі үлкен энергетикалық отбасының мүшесі атанатын болар.

Бейнені қараңыз https://www.youtube.com/shorts/rBLKqOM7c5Q