2014 жылғы Табиғатты қорғаудың негізгі шаралары
Атмосфералық ауаны қорғау: 1. Жану құрылғылары, эмульгаторлар қайта жаңартылды, коррозияға қарсы жұмыстар жүргізілді, металл конструкциялары, құбырлар, тозған беттер ауыстырылды, ЖЭО-1, 2, 3 қазандық агрегаттарында технологиялық циклде бұзушылықтар жойылды.
Шығындар 337 млн. теңгені құрады.
2. ЖҚЖ текшелерін жөндеу және ауыстыру, тораптарды жөндеу және жабдықтарды баптау, аспирациялық қондырғыларды режимдік баптау, ЖЭО-1, 2, 3 күл үйінділерінде тозаңдануды жою жұмыстары жүргізілді.
Шығындар шамамен 449 млн. теңгені құрады.
Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану:
1. Қазандықта, турбинада, химиялық цехтарда, ЖЭО-1 тазарту құрылыстарында күл құбырлары, сорғы жабдықтары жөнделді.
Шығындар шамамен 99 млн. теңгені құрады.
2. Гидрозолдану жүйесінің, өндірістік мақсаттағы жүйелердің, тазартылған су қоры бактарының қалпына келтіру-жөндеу жұмыстары орындалды, ЖЭО-2 күл-қож қалдықтарын тасымалдау кезінде су шығынын азайту бойынша іс-шаралар жүргізілді.
Шығындар шамамен 73 млн. теңгені құрады.
3. ЖЭО – 3 Қосалқы сорғы жабдығының тозған арматурасын жөндеу және ауыстыру орындалды. Шығындар шамамен 3 млн. теңгені құрады. Жер ресурстарын қорғау, жер қойнауын, флора мен фаунаны ұтымды пайдалану: сүзгіге қарсы экранды қалпына келтіру, тозаңданудың алдын алу, ЖЭО-1, 2, 3 күл үйінділеріндегі тозған аумақтарды қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді, өндіріс пен тұтынудың қауіпті қалдықтары мен ҚТҚ бөгде ұйымдарға кәдеге жаратуға берілді.
Шығындар шамамен 2 842 млн. теңгені құрады.