2-ЖЭО: Жоспарлы жөндеулер жалғасуда
Артқа
18.06.2025

2-ЖЭО: Жоспарлы жөндеулер жалғасуда

Алматы қаласының ең ірі станциясындағы жөндеу науқанын жүзеге асыру барысы туралы

А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-да ауқымды жөндеу науқаны жалғасуда. Бұл жұмыстар – станцияны жаңа жылыту маусымына дайындаудың ажырамас бөлігі. Қала тұрғындарына жылу мен электр энергиясын үздіксіз беру олардың сапасы мен уақтылы аяқталуына байланысты.

Бүгінгі таңда жоспарланған 14 жөндеудің үшеуі аяқталды – бұл №8 қазандық агрегаты мен №1 және №4 турбоагрегаттардың ағымдағы жөндеуі. Қалған жұмыстар – іске асырылудың белсенді сатысында.

10 сәуірден бастап №1 қазандық агрегатын жоспарлы ағымдағы жөндеу басталды. Бастапқыда оны 22 мамырға дейін аяқтау жоспарланған болатын, бірақ жұмыс барысында темірбетонды аражабын тақташаларының зақымдануы анықталды – бұл қосымша күш пен 20 маусымға дейін ұзартуды қажет етті. Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары 95%-ға орындалды.

Осы уақыт ішінде төрт текше ауа жылытқышы, 36 пакет төртінші сатылы бу жылытқышы, эмульгатор тамшыұстағышы және төрт темірбетонды тақташа ауыстырылды. Қазір іске қосуға дайындықтың маңызды кезеңі жүріп жатыр: гидравликалық сынақтар жүргізілуде, құбырлардың тығыздығы тексерілуде, механизмдер сыналуда, мазут желісі үрленуде.

№2 қазандық агрегаты 25 сәуірден бастап күрделі жөндеуден өтуде. Жұмыстар 10 шілдеге дейін есептелген, қазіргі уақытта шамамен 45% орындалды.

Сонымен қатар, «КазРемЭнерго» АҚ №3 ст. ТГ күрделі жөндеуін жүргізуде. Ол 10 мамырда басталып, 20 шілдеге дейін жалғасады. 2-ЖЭО алаңында шартты орындау щеңберінде генератор статорын жөндеу, газсуытқыштарды тазалау, генератор шығарұштарының ескірген бөлшектерін ауыстыру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Мердігер базасында роторға жөндеу жұмыстары да қатар жүріп жатыр.

Сондай-ақ, мердігер ұйым «АлЭС» АҚ А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО АТҚ-110кВ элегаз ажыратқыштарына техникалық қызмет көрсетеді.

Станция мамандары «Энергожөндеу» ӨЖК күштерімен бірлесіп, өткізілген жөндеуден кейін кабельдік өнімді электр қозғалтқышына қосуды жүргізеді.

Сонымен қатар, тозған бөлшектерді ауыстыра отырып, турбинаның ағын бөлігін жөндеу, жылуалмастырғыштарды, арматураны және сорғы паркін тазарту жұмыстары жалғасуда. Барлық іс-шаралар агрегаттың зауыттық сипаттамаларын қалпына келтіруге және жабдықты қыс мезгілінде сенімді жұмысқа дайындауға бағытталған.

№3 қазандық қондырғысын ағымдағы жөндеу аздаған кідіріспен басталды – 11 мамырдың орнына ол №8 қазандықты қосқаннан кейін 17 мамырда басталды. Шешім желіде қажетті резервті қамтамасыз ету үшін KEGOC диспетчерлік қызметінің нұсқауы бойынша қабылданды. Қазір жөндеу жұмыстары жалғасуда, жоспарланғанның 10% орындалды. Жұмыс барысында қосымша көлемдер анықталды – бу өткізгіш құбырларды ауыстыру қажет болады.

Кезекте – №4, 5, 6, 7 қазандықтарды және №2, 5 және 6 турбоагрегаттарды ағымдағы жөндеу. Жұмыстың барлығы барлық қауіпсіздік талаптары мен технологиялық регламенттерді сақтай отырып, қатаң кесте бойынша жүргізіледі.

Энергетиктер суық ауа райының келуімен станция тұрақты, сенімді және апатсыз жұмыс істеуі үшін көп күш жұмсайды. Күзгі-қысқы кезеңге дайындық – бұл жай ғана жоспар емес, бұл – біз жылу мен жарық беретін Алматы өңірінің әрбір үйі алдындағы жауапкершілік.

Бейнені қараңыз https://www.youtube.com/watch?v=5b7fzgZWgwo