2-ЖЭO-дағы ашық есік күндері: бүлдіршіндердің ата-анасының мамандығымен танысуы
Артқа
30.04.2025

2-ЖЭO-дағы ашық есік күндері: бүлдіршіндердің ата-анасының мамандығымен танысуы

А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-да Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау айлығы аясында станция жұмыскерлерінің балаларына арналған «Ашық есік күні» атты ерекше іс-шара өтті.

Бұл жай экскурсия емес еді. Энергетиканың жүрегімен, ата-аналарының кәсібімен, мыңдаған алматылықтар үшін жарық пен жылу туындайтын орынмен танысу күні де атауға болады бұл экскурсияны. Аталған іс-шараның басты мақсаты – балаларға ата-аналарының жұмысының маңыздылығын көрсету, қауіпсіздік мәдениетін құрметтеуге баулу, сондай-ақ отбасылық құндылықтар мен корпоративтік рухты нығайту.

Осы күні жас қонақтар, яғни 4-10 сынып оқушылары Энергетика әлеміне бойлады десек те болады. Олар станцияның басты жүрегін басқаратын негізгі қалқанды көрді, турбиналық цехта болды, салқындатқыш мұнаралардың ауқымына таңданып, салынып жатқан жаңа станциямен танысты. Көбісі алғаш рет аналары мен әкелерінің жұмысы қаншалықты маңызды және жауапты екенін түсінді.

Балалардың алған жылы әсерлерімен бөлісейік:

Әбіл Айым, 9 сынып оқушысы, ӨҚжЕҚ жөніндегі аға инспектор Наргиз Тавбаеваның қызы:

– «Мен көптеген қызықты нәрселерді көрдім. Енді химиялық цехта жұмыс істеуді армандаймын. Анам қауіпсіз ортада жұмыс істейді, әкем эколог. Екі мамандық та өте маңызды!»

Әбіл Дария, 5 сынып оқушысы, Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас маманы Олжас Әбілдің қызы:

– «Ата-анамның жұмысында алғаш рет болуым! Мен олар сияқты энергетик болғым келеді. Бұл өте қызықты және жауапты мамандық!»

Катранова Амина, 8 сынып оқушысы:

– «Станция сондай үлкен екен! Әсіресе градирнялар таңдандырды. Мен енді оның не екен, қалай жұмыс істейтінін біліп жүретін болдым.

Олжабай Оғлан, 7 сынып оқушысы, АҚжТЖ штабының бастығы Санжар Балгазиннің ұлы:

– «Аудармашы болуыды армандаймын. Жаңа станцияға аудармашылар керек қой! Ең ұгағаны басқару қалқаны».

Алдашукурова Ясмина, 6 сынып оқушысы, химиялық цех бастығы Гульмиры Казездің қызы:

– «Мамамның қайда жұмыс істейтінін бірінші рет көріп тұрмын. Мен анамды өте жақсы көремін және мақтанамын. Оның жұмысы аса жауапты!»

Сман Нұраділ, 10 сынып оқушысы, турбина цехының шебері Бауржан Андасбаевтың ұлы:

– «Ата-анамның жұмысы күрделі әрі маңызды. Мен де болашақта станцияда жұмыс істеуді қалаймын, себебі мұнда өте мейірімді және өз кәсібін жақсы көретін кәсіби мамандар жұмыс істейді!»

Асембеков Елнур, 9-сынып оқушысы, БжТҚЦ зертханашысы Айгуль Умиралиеваның ұлы:

– «Бүгін мен ата-анамның қаншалықты ауыр жұмыс істейтінін өз көзіммен көрдім. Олардың жұмысы қауіпті және жауапты. Мен мұны көру үшін мектептен сұрандым».

Турсунмухаммед Мансур, 4 сынып оқушысы, қазандық цехы бастығының жөндеу жөніндегі орынбасары Мухит Бокбасаровтың ұлы:

– «Турбина залына таң қалдым! Енді мен әкемнің әр үйде жарық, жылу және ыстық су болуы үшін жұмыс істейтінін түсіндім. Біз онымен бірге Сахараға баруды армандаймыз!»

Экскурсия шағын сауалнамамен аяқталды: әр бала ата-анасының мамандығы мен қауіпсіздік ережелері туралы алған әсерлері мен білімдерімен бөлісті. Барлық балалар энергияның таңғажайып әлеміне тағы бір рет бойлау үшін станцияға қайта оралуға ниет білдірді.

Әр балаға естелік сыйлық – А.Жақұтова атындағы 2-ЖЭО жұмыскерлерінің отбасына деген үлкен құрмет белгісі берілді.

«Ашық есік күні» тек экскурсия емес – ол ата-ана үшін мақтаныш пен болашақ туралы армандармен тоғысқан ұрпақ сабақтастығының алтын көпіріне айналды.