1-ЖЭО: жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде
Наурыз айында Алматы 1-ЖЭО-да алдағы 2024-2025 жылыту маусымына дайындық басталып кетті. Жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде.
Қазіргі уақытта жабдықты жөндеу басталды, №10 қазандық агрегаты мен №2 су жылыту қазандығына ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Сорғы жабдығына, №9 қазандық агрегатына және қосалқы жабдығы бар №4 су жылыту қазандығына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Орындалатын жұмыстардың сапасына пайдалану персоналының өкілдері тұрақты бақылау жүргізеді, сонымен қатар жөндеуге шығарылған жабдықтың ақауы табылады.
– 2024 жылғы жөндеу науқанына үлкен көлемді 1-ЖЭО-да сорғы жабдықтарын, жылыту жабдықтарын жөндеу бойынша жұмыстар күтіп тұр, – деп хабарлады Б. Оразбаев ат. 1-ЖЭО бас инженерінің орынбасары Владимир Сизов. – Сондай-ақ, негізгі жабдықты жөндеу кестесіне сәйкес алты қазандық агрегаты, жеті су жылыту қазандығы және қосалқы жабдығы бар үш турбоагрегат жөнделеді.
15 сәуірде аяқталған ЖЭО жылыту маусымы штаттық режимге өтті. 2023-2024 жылдардағы жылыту кезеңінде станция 368 млн кВт*сағат электр энергиясын және 1 359 млн Гкал жылу энергиясын өндірді. ЖЭО өткен 2023 жылды да сәтті аяқтады. 392 млн кВт*сағат электр энергиясын өндіру жоспарының орнына станция 428 млн кВт*сағат энергия өндірді. Жылдық жоспар 109%-ға орындалды. Жылуды жіберудің жылдық жоспары 105% орындалды: жоспарланған көлемі 1 405 мың Гкал болғанмен, нақты орындалғаны 1 484 мың Гкал-ды құрады.
Алматы 1-ЖЭО – Қазақстанның ең ескі станциялардың бірі. Ол қаланың орталық бөлігі, Алматы қаласының Жетісу ауданының аумағында және қала тұрғындарына танымал жерде орналасқан. 1-ЖЭО жылу және электр энергиясының негізгі тұтынушылары Алматының тұрғын үй-коммуналдық секторы және өнеркәсіптік кәсіпорындары болып табылады.
– 2025 жылы Алматы 1-ЖЭО өзінің 90 жылдығын атап өтуге дайындалып жатыр. Ол іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін 1- ЖЭО-да 39 млрд кВт*сағаттан астам электр энергиясы және 150 млрд Гкал астам жылу энергиясы өндірілді, – дейді станция директоры Әлібек Тастанбеков. – Бүгінде Республиканың ең ескі станциясы Алматының орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне жылу энергиясын негізгі жеткізушілердің бірі. Ол негізгі өндірістік жүктеме жылу маусымына ауықан кезде жартылай шыңдық режимде жұмыс істейді.
Анықтама
Алматы ОЭЖ-НЫҢ (қазіргі 1-ЖЭО) бірінші кезегін жобалау және салу 1931 жылы басталды. Бірінші қондырғы 1935 жылы 25 қазанда іске қосылды. 1936 жылы 1,8 млн кВт / сағ электр энергиясы өндірілді. Бүгінгі таңда бұл электр қуаты станция тәулік энергия өндіруіне тең. Алғаш рет Алматы 1-ЖЭО 1961 жылы жылу энергиясын өндірді.