1-ЖЭО-ның 90 жылдығына арналған спартакиада: спорт пен бірліктің энергиясы
Артқа
06.10.2025

1-ЖЭО-ның 90 жылдығына арналған спартакиада: спорт пен бірліктің энергиясы

2025 жылғы 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО спорт алаңдарында станцияның 90 жылдығына арналған Спартакиада өтті. Бұл спорттық мереке «АлЭС» АҚ-ның барлық өндірістік департаменттерінің командаларын біріктірді.

Үш күнге созылған жарыстар нағыз командалық рухтың, әділ бәсекелестіктің және корпоративтік бірліктің мерекесіне айналды. Күзгі ауа райына қарамастан, спорт алаңдарында қызу тартыс жүріп, қатысушылар әдемі де әділ ойынмен көпшілікті қуантты.

30 қыркүйек – футбол және әйелдер волейболы күні.

Спартакиаданың алғашқы күні көрермендерге жарқын эмоциялар мен сенімді жеңістер сыйлады. Әйелдер арасындағы волейбол сайысында алтын медальді – 1-ЖЭО командасы, күмісті – «Энергожөндеу» ӨЖК, қоланы – Қапшағай ГЭС командасы иеленді. Ойындар жоғары қарқынмен өтті, волейболшылар тамаша техника мен жеңіске деген жігерлі көңіл-күй көрсетті.

– Жарыстар жоғары деңгейде өтті және көптеген жағымды эмоциялар қалдырды. Әсіресе командалар арасындағы адал бәсеке мен достық атмосфера қуантты. Мен бұл спартакиадаға үшінші жыл қатарынан қатысып жүрмін, және әр жолы ойында үлкен ләззат аламын, – деді БЖК ӨТБ инженері Мөлдір Жампозова.

Өз әсерлерімен 2-НҚЖЖУ технигі, «Энергожөндеу» ӨЖК әйелдер командасының капитаны Бағизат Өмірбаева да бөлісті: – Турнир өте керемет өтті! Волейбол алаңында басқа департаменттегі әріптестермен кездескен қызықты болды. Қатысушылар бір-бірін қолдап отырды – бұл біздің АлЭС компаниясының қызметкерлері ұйымшыл әрі спортсүйгіш екенін дәлелдейді! – деді ол.

– Бұл жай ғана шара емес, нағыз энергия, командалық рух және салауатты бәсекелестіктің мерекесі болды. Біз командамен бірге әйелдер волейболына қатысып, көптеген жағымды эмоцияларға ие болдық, – деп атап өтті Қапшағай ГЭС Логистика бөлімінің бастығы, команда капитаны Ақпейіл Мырзағалиқызы.

Футбол додасында 1-ЖЭО командасына тең келер ешкім болмады – олар лайықты түрде чемпион атанды! Екінші орынды Бас кеңсе командасы, ал үшінші орынды ОҚТО командасы иеленді.

– 1-ЖЭО-ның 90 жылдығына арналған футбол жарыстары көп жағымды эмоция сыйлады. Ауа райы тамаша болды – нағыз спорт күні! 1-ЖЭО, Бас кеңсе және ОҚТО командалары тартысты ойын көрсетіп, бірнеше әдемі гол соқты. Ең бастысы – мұндай шаралар жұмыс күндерінің күйбеңінен алыстатып, басқа бөлімдердегі әріптестермен еркін сөйлесуге, бірлікті сезінуге мүмкіндік береді. Қатысушылардың жүзінде – қуаныш, қызығушылық және өз командасына деген мақтаныш сезімі болды. Осындай кездесулер корпоративтік мәдениетті нығайтып, ұжым ішіндегі достықты арттырады. Ұйымдастырушыларға жоғары деңгейдегі дайындық үшін, ал барлық қатысушыларға белсенділік пен спорттық рух сыйлағандары үшін алғысымды білдіремін! – деп бөлісті 2-ЖЭО ЖАжӨЦ электр станциялар автоматикасы мен өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі Бейбіт Байнұсеров.

1 қазан – ерлер волейболы күні.

Спартакиаданың екінші күні волейбол алаңында ерлер командалары күш сынасты. Нағыз спорттық тартыс пен шиеленісті сәттер орын алды.

Жеңіс тұғырынан 3-ЖЭО командасы көрінді, екінші орынды – «Энергожөндеу» ӨЖК, үшінші орынды – БЖК командасы иеленді.

2 қазан – баскетбол және садақ ату күні.

Қорытынды күн жаңа рекордтармен есте қалды. Суық ауа райы мен жаңбырға қарамастан, баскетбол жарысы жоғары деңгейде өтті.

Бірінші орынды Бас кеңсенің командасы жеңіп алды, екінші орын – 1-ЖЭО командасында, үшінші орын – Қапшағай және Каскад ГЭС біріктірілген командасына бұйырды.

– Барлығы бір-біріне жанкүйер болып, нағыз спорт мерекесінің атмосферасы сезілді. Бұл жарыстар алдағы жаттығуларға ерекше серпін берді, – деп атап өтті «Энергожөндеу» ӨЖК командасының капитаны, жабдықтарды жөндеу жөніндегі слесарі Самат Сұлтанов.

1-ЖЭО қазандық цехы бастығының орынбасары Жандос Төребеков волейбол мен баскетболға қатысты:

– Мұндай шаралар жиі өтіп тұрса екен – олар адамдарды жақындастырады әрі шабыттандырады. Спорт шын мәнінде адамдарды біріктіреді, – деп жалғастырды Жандос.

Садақ атудан өткен турнирде мергендігімен көзге түскен қатысушылар аз болмады.

Бірінші орынды Қаскад ГЭС ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануды ұйымдастыру және жөндеу жөніндегі инженері Кенжегали Асаров иеленді. Екінші орын – 1-ЖЭО ЖАӨЦ бөлімінің бас маманы Бауыржан Бектұровқа, ал үшінші орын – 1-ЖЭО ЖАӨЦ цехының бастығы Керім Жамбаевқа бұйырды.

– Ұйымдастырушыларға сыйлаған эмоциялары үшін үлкен рақмет! – деп атап өтті Бауыржан, станцияның мерейтойына арналған садақ ату сайысында екінші орынды абыроймен иеленген қатысушы. Ол нағыз мергендік, төзімділік және спорттық мінез- құлық танытып, жеңіске деген ұмтылыстың тек жұмыста ғана емес, спорттық жетістіктерде де көрініс табатынына жарқын үлгі болды.

Спартакиада жай ғана жарыстар сериясы емес, АлЭС атты үлкен энергетиктер отбасының бірлігінің нышанына айналды.

1-ЖЭО жөндеу қызметінің инженері Әлихан Ерлан былай деп атап өтті: «Спорт денсаулықты да, командалық рухты да нығайтады, ең бастысы – адамдарды біріктіреді. Әртүрлі өндірістік департамент қызметкерлерінің бір-бірін қолдап жатқанын көру – ұйымдастырушылар үшін ең үлкен марапат».

– Өндірістік департаменттердің құрама командасы өз станциясының аумағында бірге жаттығатыны бірден сезіледі. Үнемі және ұйымшыл түрде жаттыққан команданың нәтижесі – жеңіс! Барлық өндірістік департаменттерде осындай спорт алаңдары болса, керемет болар еді.

Біріншіден, бұл – салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді. Екіншіден, өндірістік департаменттің тұрақты құрама командасын құруға мүмкіндік бар. Үшіншіден, жүйелі командалық жаттығулар «АлЭС» пен «Самұрық» спартакиадаларында жүлделі орындарға кепілдік береді.

1-ЖЭО-ны мерейтойымен құттықтаймыз! Апатсыз жұмыс, жоғары қуат, мол энергия және жарақатсыз еңбек тілейміз, – деп бөлісті «Энергожөндеу» ӨЖК бағдарламалық қамтамасыз ету жетекші инженері Фариза Ботақараева.

Жеңіс, күлкі, қолдау және командалық рух – бұл үш күндік спорт мерекесінің басты нәтижелері. 1-ЖЭО-ның 90 жылдығына арналған спартакиада: ол АлЭС-тің күші – өз адамдарында, олардың кәсібилігінде, энергиясы мен бірлігінде екендігін айқын көрсетті.