05.09.2025 ж. бастап жылу энергиясын өндіру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифті өзгерту туралы
Артқа
29.08.2025

05.09.2025 ж. бастап жылу энергиясын өндіру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифті өзгерту туралы

«Алматы электр станциялары» АҚ осымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаменттерінің 2025 жылдың 28 тамызындағы №82-НҚ және 2025 жылдың 29 тамызындағы Алматы облысы бойынша №114-НҚ Бірлескен бұйрығымен 2025 жылдың 5 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіле отырып, жылу энергиясын өндіру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге төмендегі тарифтердің деңгейлері бекітілгенін хабарлайды:

– 05.09.2025 ж. бастап – 5 740,81 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз);
– 01.01.2026 ж. бастап – 6 095,31 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз).

Тарифтер «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 22-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес келесі негіздер бойынша бекітілді:

– стратегиялық тауарлардың түрі мен құнын және (немесе) стратегиялық тауарларды тасымалдауға мемлекеттік реттеуге жататын тарифтердің (бағаларды) өзгеруі.