01.09.2025 ж. бастап жылу энергиясын өндіру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке уақытша өтемдік тарифті енгізу туралы
«Алматы электр станциялары» АҚ осымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменттерінің 10.07.2025 жылғы №51-ОД және Алматы облысы бойынша 10.07.2025 жылғы №121-ОД бірлескен бұйрығымен жылу энергиясын өндіру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізе отырып 1 жылдық мерзіммен уақытша өтемдік тариф бекітілгенін хабарлайды:
− 01.09.2025 ж. бастап – 5 387,95 теңге/Гкал (ҚҚС қоспағанда);
− 01.01.2026 ж. бастап – 5 496,49 теңге/Гкал (ҚҚС қоспағанда).
Тариф «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 33-бабы 2-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес келесі негіздеме бойынша бекітілді:
− тарифте ескерілген бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамау.