Жылдар бойы жалғасқан іске деген адалдық
Артқа
06.07.2026

Жылдар бойы жалғасқан іске деген адалдық

Істеген ісі көп сөзді қажет етпейтін жандар болады. Оларды сенімділігі, жауапкершілігі және өз ісін зор сеніммен атқаратыны үшін бағалайды. «Энергожөндеу» ӨЖК 2-ЭЖЖШ ұжымында дәл осындай адам ретінде шілде айында өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтетін 5 разрядты бу-газ турбиналық жабдықты жөндеу бойынша слесарь Сергей Валерьевич Иванов танымал.

Сергей Валерьевичтің энергетика саласындағы еңбек өтілі 17 жылдан асады. Ол 2020 жылдың қазан айында
«Энергожөндеу» ӨЖК-ге 4 разрядты бу-газ турбиналық жабдықты жөндеу бойынша слесарь болып келді. Арада бір жыл өткенде еңбекқорлығының, ісіне деген жауапкершілігінің және кәсіби дағдыларын үнемі жетілдіруге деген ұмтылысының арқасында оған 5-разряд берілді.

Турбиналық жабдықты жөндеу – жоғары дәлдікті, зейінділікті және терең білімді талап ететін іс. Сергей Валерьевич атқарылған жөндеудің сапасына жабдықтың, тіпті бүкіл кәсіпорынның сенімді жұмысы тәуелді екенін түсіне отырып, өзіне тапсырылған іске әрдайым зор жауапкершілікпен қарайды.

Әріптестері оны көмек көрсетуден ешқашан бас тартпайтын, жиған-терген тәжірибесімен қуана бөлісетін сабырлы, ақкөңіл әрі жанашыр адам ретінде таниды. Оны кәсібилігі үшін ғана емес, сонымен қатар адалдығы, турашылдығы және ұжыммен жұмыс істей білуі сияқты адами қасиеттері үшін де сыйлайды. Дәл осындай жандар ұжымда сенім мен өзара түсіністік ортасын қалыптастырады.

Осы жылдар ішінде Сергей Валерьевич әріптестерінің шынайы құрметіне бөленіп, өз бөлімшесінің нағыз тірегіне айналды. Оның өмірлік және кәсіби жолы – таңдаған ісіне адалдықтың, жауапкершіліктің және энергетик мамандығына деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі.

Мерейтойы күні «Энергожөндеу» ӨЖК 2-ЭЖЖШ турбиналық жабдықты жөндеу учаскесінің ұжымы Сергей Валерьевичті осы тамаша датамен шын жүректен құттықтайды. Сізге зор денсаулық, бақыт, амандық, жан жылуын және ұзақ ғұмыр тілейміз. Қасыңыздан туыстарыңыз бен жақындарыңыз табылып, шаңырағыңызға шаттық пен береке қонсын. Әрбір жаңа күн қуаныш, тамаша көңіл-күй және атқарған еңбегіңіз үшін лайықты мақтаныш сезімін әкелсін. Мамандыққа деген адалдығыңыз, сенімділігіңіз және ортақ іске күн сайын қосып жүрген үлесіңіз үшін алғыс айтамыз!