Жүректерге жылу беру: А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-да өткен «Наурызнама» онкүндігі
А.Жақұтов атындағы Алматы 2-ЖЭО-сында өткен Наурызнама онкүндігі аясында бірлік пен мереке атмосферасы орнады. Станция қызметкерлері қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрлеріне қол тигізіп қана қоймай, сонымен қатар өздері де ұмытылмас оқиғаның жасаушыларына айналды. Мерекенің сәні ретінде көрікті киіз үй қойылды, ал оның ішкі безендірілулері жылылық пен сұлулыққа толы болды, себебі оның әр өрнектелген тоқыма бұйымдары, жарқын жастықтары мен бірегей әшекейлері нағыз үй ошағының сезімін тудырды.
Мерекеге деген дайындық ұжымды біріктіріп жіберді. Себебі қызметкерлердің өздері тамақ жасауды ұйымдастыруға қатысты, яғни өздері ет сатып алып, оны асып, хош иісті палау жасап, тәттілер мен ұлттық тағамдарды әзірледі. «Бұл үдеріс бізді кәдімгідей біріктіріп жіберді. Себебі мерекенің шынымен де жылы болуы үшін әрбір қызметкер өз жан дүниесінің бір бөлігін салып отырды», – деп бөлісті ӘШБ технигі Сәуле Әзімбекова. А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-да өткен Наурызнама тек ойын-сауық қана емес, сонымен қатар терең тәрбиелік сәтке айналды. Өткен он күннің әрқайсысы қазақстандық мәдениеттің байлығын көрсететін құндылықтарға арналды. Мерекенің ең қызықты жері – ол қыз ұзату тойы болды. «Біздің қызметкерлеріміздің қалыңдықты қолынан ұстап жүргенін көргенімде, менің жүрегім одан да қатты соға бастады. Бұл өте әсерлі болды!» – деп мойындады ХСТ аппаратшысы Меденова Сәуле.
Әсіресе, қалыңдықтың дәстүрлі бас киім –саукелені киюі эмоционалдық сәтке айналды. «Ол ақ жолмен жүріп өткен кезде, залдағы адамдардың барлығының жүректері шымыр ете қалды», – деп еске алады БжТҚҚЦ зертханашысы Өмірәлиева Әсел. Қалыңдықтың әкесінің рөлін БжТҚҚЦ бастығы Солтанбаев Дүйсенғали атқарды: «Мен үшін бұл жауапты рөл болды. Мен балаларымның үйлену тойын қайта басымнан өткерген сиақтымын. Мұндай сәттер отбасылық құндылықтардың қаншалықты маңызды екенін еске салады».
Көптеген көрермендер көз жастарын жасыра алмады, себебі бұл рәсім сондай шынайы және жантебірентерліктей болды. Содан кейін, домбыра мен халық әуендерінің үнімен мерекелік дастархан жайыла басталды. Қонақтарға бауырсақ, наурыз көже, палау, қымыз бен шұбат ұсынылып, Наурыз мейрамының қайталанбас ерекшелігі жасалынды.
«Біз дәстүрдің рухын дәл жеткізгенімізге таң қалдық. Бұрын мұндай әдет-ғұрыптарға қатыспағандардың өзі де біздің мәдениетімізге құрметпен қарай бастады», – деп атап өтті станция кәсіподағының төрағасы Жақаева Гуля. Барлығының көңіл-күйі шынайы мерекелі болды: күлкі, би, киіз үй аясындағы ортақ фотосуреттер және ата-бабаларымыздың мұрасын сақтау туралы маңызды әңгімелер.
Бұл күн 2-ЖЭО-дағы онкүндіктің бір бөлігі ғана емес, сонымен қатар туған жерге, отбасына және дәстүрге деген сүйіспеншіліктің тірі сабағына айналды. Бухгалтерлік есеп бөлімінің бастығы Оқапова Раушан айтқандай: «Мұндай іс-шаралар жастарды кез келген сөзден гөрі жақсы тәрбиелейді. Олар біздің күшіміз – бірлікте екендігін және тамырларымыз қайдан тарағандығын еске салып отырады».
Мереке аяқталды, бірақ бұл сәттердің жылуы ұзақ уақыт бойы қызметкерлердің жүрегін жылытып, ортақ құндылықтарға мақтаныш сыйлап отырады.