Жүрек тілі: Каскада ГЭС қызметкерлері қазақ тілінің сұлулығын қалай ашты
Наурыз мерекесі аясында Каскад ГЭС-інде – «Мен қазақша сөйлеймін» атты ерекше марафоны өтті. Бұл жай ғана челлендж емес, бұл әртүрлі ұлттардың 20 қатысушысын біріктірген шынайы мәдениет сұхбаты. Әріптестер қазақ тілі, мақалдар мен поэзия әлеміне еніп, тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар өткенді болашақпен байланыстыратын көпір екендігін дәлелдеді.
Жобаның авторы, КБАЖ инженері Мерембай Гүлназ дайындықтың құпияларын ашты:
«Әркімнің қазақ тіліндегі өз жолдарын табу үшін, біз марафонды үш блокқа бөліп қойдық:
1. «Бір мақал – бір шоколад айдары» – мақал-мәтелдерді үйренеміз! Басқа ұлтты әріптестер дана сөздерді есте сақтап, үйренемін деп тырысқандары үшін «Қазақстан» шоколадтарын сыйлыққа алды.
2. Қазақи насихат – кенеттен қатысушылардан қазақ тілінде сұхбат алу! «Қазақша сөйле» футболкасын киген қатысушы әріптестеріне сұрақтар қоя бастады, ал олар болса білімдерімен қуантып, кейде кішкене ұялып та жатты.
3. Мұқағали Мақатаевтың «Отан» туралы өлеңі – патриотизмді ояту үшін арналған. Әрқайсысы жолдардың мағынасын зерттей отырып, өлең шумақтарын оқыды. Бастапқыда тек мақал-мәтелдерді айтқандарды ғана марапаттағымыз келген болатын, бірақ нәтижесінде: барлығына батылдықтары үшін шоколад тараттық!»
Белсенді қатысушылардың бірі, Жабдықтарды пайдалану мен жөндеуді ұйымдастыру жөніндегі инженер Евгений Краснощеков былай деп бөлісті:
«Мұндай марафонға қатысу – мен үшін үлкен абырой. Бірақ мен үшін бұл жоба кез келген жобадан да артық. Мақал-мәтелде айтылғандай: «Тіл қадірін білмеген, өз қадірін білмейді». Қазақ тілі шексіз және өте қызықты, бұл – Абай Құнанбаевтың, Мұқағали Мақатаевтың, біздің ұлы бабаларымыздың тілі. Қазақ тілін үйрену – Отанымызды биікке көтеру дегенді білдіреді. Мен әркімге қазақ тілінің шексіз тереңдігін ашуға тілектеспін!»
Марафонға қатысқан Курбатова Людмила: «Басқаларды роликке түсіру өзіңді түсіргеннен де оңай болады екен. Алдымен «Тіл, сөз тіркестері ғана…» деп ойладым. Бірақ өзім кадрға түсе бастағанда кәдімгідей уайымдай бастадым! Мен, әріптестерімнің жаңа жағынан ашылғанына қуаныштымын. Шындығына келетін болсақ, барлығының қазақ тілі деңгейі төмен, бірақ біз үшін бұл әлі де болса алағашқы қадам. Мұндай жобалар көптеген қызметкерлердің қызығушылығын тудырады! Сондай-ақ, бұл өз жұмысың жалықтыра бастағанда, әсіресе бюджетті дайындау кезіндегі шығармашылықтың бір тынысы».
Бос уақыттарының болмағанына қарамастан, қызметкерлер мақал-мәтелдерді үйренуге, өлеңдері оқуға және қызықты сәттерге күлуге уақыт тапты. Логистика бөлімінің бастығы Чехов Олег шоколадты алып: «Енді тәтті де, қазақ тілі де мен үшін бір құтыда жатқандай болып тұр!» Ал роликтің авторы – Гүлназ болса:
«Басшылықтың осындай қолдау көрсеткені үшін үлкен алғысымды айтқым келеді! Тіпті кішігірім жобаның өзі – тіл мен елге деген сүйіспеншілікті оятып жатқаны қатты қуантады» – деп жеткізді ол.
Марафон аяқталды, бірақ оның жаңғырығы әлі де болса қалды. Қатысушылар қазақ тілін үйренуді жалғастыруға келісті, ал мақал-мақал идеясы тұрақты айдарға айналуы мүмкін. «Естеріңізде болсын: бір үйренген сөздің өзі – өзара түсіністікке апаратын қадам», – деп еске салды Евгений.
Бұл жоба тек челлендж ғана емес, сонымен қатар мәдениет, дәстүр және жүрек тіліндегі шынайы әңгіме болды. Өйткені Мұқағали Мақатаевтің өзі:
«Тіл жүректен шығады, ал жүректен шыққан сөз мәңгілікке жазылады» – деп айтқан.
Каскад ГЭС қызметкерлері: тіл жан дүниенің бір бөлігі болғанда, жұмыс үлкен отбасына айналатындығын және онда әркім маңызды екендігін, ал салт-дәстүрлер болса біз үшін мәңгі тірі болатындығын дәлелдеді.
Бейнежазбаны қараңыз https://www.youtube.com/shorts/zIYB27ukDKk
https://www.youtube.com/shorts/WkSiLtUTOMo