Жеті Қадам: табысқа жеткізетін жеті қадам
«АлЭС» АҚ Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО өндірістік департаментінің Жөндеулер қызметінің бастығы Асет Амирбеков, жеңіске деген ниеті мен ерік-жігерінің арқасында арнайы челлендж бен жастар форумының қорытындысы бойынша «Жеті Қадам» бағдарламасына енген кезде кәсіби табысқа жеткізетін бірнеше практикалық нақты қадамдар жасады және «Самұрық-Қазына» АҚ қорының портфельдік компанияларынан үздік 50 жас маман құрамына қосылды.
Асеттің осындай іріктеуден өтіп, «Самұрық-Энерго» ҰӘҚ-ның үздік 50 жас және өршіл жұмыскерлері қатарына қосылып, көшбасшылық бағдарлама бойынша оқу мәртебесіне ие болу үшін жасаған екінші және сәтті талпынысы. Оның қазіргі уақытта «АлЭС» АҚ компаниясының «Жарқын Болашақ» жастар ұйымын басқаратынын ескерсек, осы мақсатшылдығы көп жастарға үлгі болады.
Жастар саясатын дамыту жөніндегі бағдарламаның кезекті кезеңі 2024 жылдың мамыр – қыркүйек айларында іске асырылады. «Самұрық-Қазына» Қоры компаниялар тобының жас мамандарды оқытуы – олардың көшбасшылық әлеуеті мен коммуникативтік дағдыларын дамытуға, басқару құзыреттерін енгізу техникасымен танысуға, командада жұмыс құруға, бюджеттік жоспарлау қағидаттарын түсінуге бағытталған.
Бағдарлама 7 модульден тұрады, олардың әрқайсысы еліміздің түрлі қалаларында өтеді. Мұнда модульден модульге көшу алдыңғы курстың тапсырмасы орындалған жағдайда ғана мүмкін болады.
– Мен осы жобаның бір бөлігі болғаныма өте қуаныштымын, – деп бөлісті Асет Амирбеков алғашқы үш модульді аяқтағаннан кейін. – Бір жыл бұрын мен жобаға кіруге күш салдым, бірақ бірінші ағымға түспедім. Біздің алғашқы модуліміз шығыста – Өскемен қаласында басталды. Мұнда «Ішкі компас. Өз бойыңда көшбасшылық қабілетті табу, тәрбиелеу және дамыту» модулін табысты аяқтадым. Бағдарлама өте қарқынды болды. Бізді көшбасшы болуға үйретті, күрделі жағдайда қиындықтармен қалай күресуге және команданы басқаруға болатынын айтты. Өйткені, команданың жетістігі немесе сәтсіздігі 99% көшбасшыға, оның қаншалықты дәл, нақты және дұрыс міндеттер қойып, оны шешуіне байланысты. Біздің көпшілігіміз көшбасшылықтың құндылығы мен жауапкершілігін осында түсіне бастадық. Сабақ барысында біз көптеген сұрақтарымызға жауап алдық. Оның ішінде өз тұлғаңды көшбасшы етіп тәрбиелеу маңызы. Біз түсінген ең маңызды мәселе: көшбасшы – тағайындалатын лауазым емес. Көшбасшы – бұл лауазымға қарамастан, ерік-жігерге, мінезге немесе жағдайлардың нәтижесінде қалыптасатын адам. Біз көптеген жаңа нәрселерді білдік, ең бастысы, басқарушылық сипаттағы құралдарды игердік: негіздерден бастап, тұрақты ұстанымдарға дейін – команданы қалай ынталандыру және басқару керек, себебі көшбасшы әрдайым жеңіске және алға қойылған міндеттерге қол жеткізу жолында өзін және өзгелерді шыңдайтын тұлға.
Бірінші модуль аясында «Самұрық-Қазына» АҚ жас көшбасшылар тобы Өскемен ГЭС-іне барды, бұл энергетик Асет Амирбеков үшін кәсіби тұрғыдан өте танымды болды.
– Мен бұл станцияның жұмысына тәнті болдым, өйткені Өскемен ГЭС-інде «Кайдзен» үнемді және үздіксіз жетілдіру жүйесі енгізілген және осы қағидат 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді, – дейді Асет. – Мен жаңа нәрсені білуге және көруге үлкен қызығушылық таныттым. Бүкіл ГЭС жұмыс жүйесінің автоматтандырылғандығы, барлық басқару элементтерінің шығарылғандығы және цифрландырылғандығы өте әсерлі. Біздің станцияларда қолдануға болатын өндірістік процестерді жақсарту туралы көптеген пайдалы ақпарат алдым.
Екінші және үшінші модульдер бойынша оқыту Алматыда жүргізілді. Мұнда мамандар жобаға қатысушыларға жеке қасиеттерге және бірінші кезекте өзін-өзі басқару қабілетіне қатысты маңызды ұсыныстар берді. Алматы блогы барысында жобаға қатысушылар стресс пен созылмалы шаршауды жеңуге, физикалық және психикалық күштерді қалпына келтіруге үйренді.
– «Стресс-менеджмент» тақырыбы өте пайдалы болды, өйткені жұмыста онымен жиі кездесеміз, – дейді Асет. – Біз стресстің қандай түрлері бар екенін, стресс жағдайлардың себептерін мысалдармен талдадық. Қазіргі уақытта адамдардың күйзеліске ұшырап, ресурстарды қалай жоғалтатынын түсінуге үйрендік, сондай-ақ тапсырманы орындауда сыни жағдайға қалай жеткізбеу керектігін талқыладық. Бізге позитивті әрі оң энергияны қалай аламыз, жинаймыз, стресстен шығу және нәтижелі болу тәсілдері үйретілді.
«Тиімді коммуникациялар» тақырыбы бойынша жобаға қатысушыларға дұрыс қарым-қатынас жасауды, коммуникациялардың түрлерін, қоғамда өзін қалай ұстау керектігін және қалай тиімді болу керектігін үйретті.
– Біз тиімді коммуникациялардың негіздерін білдік, жеке коммуникациялық желілерді құруды үйрендік, дағдарыстық коммуникацияларды зерттедік, – деп қорытындылады Асет осы маңызды блокты. – Бізге стресті басқарудың әртүрлі тәсілдерін тиімді қолдануға үйретілді. Сонымен қатар, өзіміздің жеке брендімізді не үшін дамыту керек деген сұраққа жауап іздеп, таптық. Қазіргі уақытта бұл өте қажет және қызықты тақырып. Өйткені, біздің бүкіл өміріміз адамдармен әртүрлі қарым-қатынастарға толы. Жеке бренд қазірдің өзінде қарым-қатынастың белгілі бір түріне бейімдейді.
«Жобаларды басқару» курсы да практикалық ұсыныстарға тола болды, онда жобаның негіздері, факторлары мен мақсаттары талданды, бұл үшін қандай есептеулер қажет екенін үйретті.
– Мен өзімнің жеке софт – скиллдерімді жақсарту бойынша осындай үлкен жобаның бір бөлігі болғаныма өте қуаныштымын, өйткені «АлЭС» АҚ жастар ұйымының желілік басшысы және басқарушысымын, – деп қорытындылады Асет Амирбеков. – «Жеті қадам» жобасында алған білім өте пайдалы, мен оны тәжірибеде қолданамын. Алда еліміздің әртүрлі қалаларында тағы төрт оқу модулі тұр. Оларды сәтті аяқтап, жаңа білім мен дағдыларға ие боламын деп үміттенемін. Өйткені, әр адамның қабілеті шексіз және ол өзінің дамуында тоқтамауы керек. Бұл «Біз бүгін кешегіден жақсы болуымыз керек, ал ертең бүгінгіден жақсы болуымыз керек» деген тұжырымға саяды. Біздің компаниямызға және «Самұрық-Қазына» қорына ұлттық компаниялардың болашақ көшбасшыларын дамытуға үлкен үлес қосқаны үшін көп рахмет.
«Жеті қадам» бағдарламасы жаңа көшбасшыларды дамыту, әлеуметтік және кәсіби даму жолындағы маңызды қадам болып табылады, өйткені «Самұрық-Қазына» тобында 35 жасқа дейінгі 80 мыңнан астам маман жұмыс істейді. Алдағы онжылдықта олар Қор компаниялары тобының барлық өндірістік учаскелерінде еңбек ұжымының негізі болады. Бір жыл бұрын осы жобадан 49 жас маман өтті, олар бүгінде өз учаскелерінде үздік кәсіби қасиеттерін көрсетуде. 2024 жылдың қыркүйегінде болашағынан үміт күтілетін елуге жуық жас маман өз білімін, күш-қуатын, инновацияларды жұмысқа бере отырып, жаңа кәсіби деңгейге көтеріледі. Және бұл тұрақты әрекет болуы керек.