Жас таланттар: «Энергия» кәсіподақ қызметкерлері балаларының суреттері
Артқа
17.07.2024

Жас таланттар: «Энергия» кәсіподақ қызметкерлері балаларының суреттері

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында «Энергия» жергілікті кәсіподағы «АлЭС» АҚ қызметкерлерінің балалары арасында балалар суреттерінің конкурсын жариялады. Байқау компанияның сегіз өндірістік департаменті мен бас кеңсесінің 157 қатысушысын біріктіріп, балаларға шығармашылық қабілеттерін көрсетуге және бағалы сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндік берді. Ә.Қастеев атындағы Өнер және дизайн мектебінің оқытушыларынан тұратын конкурстық комиссия жұмыстарды бағалап, жас ерекшеліктеріне орай үш топқа бөліп, топ жеңімпаздарын таңдады.

5 жастан 7 жасқа дейінгі жас тобы: «Балалар қиялы» тақырыбында (ертегі кейіпкерлері)

1 орын: Иодис Мухаммед (Батыс жылу кешені);
2 орын: Ризаева Фатима Русланқызы (Батыс жылу кешені);
3 орын: Серік Кәусар Русланқызы (бас кеңсе).

8 жастан 11 жасқа дейінгі жас тобы: «Түстердің сиқырлы әлемі» тақырыбында

1 орын: Андасова Руслана Руслановна (3-ЖЭО);
2 орын: Гасанова Альбина Заурбековна (Батыс жылу кешені);
3 орын: Кравченко Каролина Евгеньевна (3-ЖЭО).

12 жастан 14 жасқа дейінгі жас тобы: «Қазақстанның болашағына көзқарас» тақырыбында.

1 орын: Неборак Маргарита Максимовна (Каскад ГЭС);
2 орын: Құдайберген Айлин (А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО);
3 орын: Садыбекова Айым Қуанышбайқызы (А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО).

Байқау бір айға созылды, оның қорытындысы 2024 жылдың шілде айының ортасында екі күнде шығарылды. Жеңімпаздар Marwin дүкеніне сертификаттар алды. Ал қалған қатысушылар күш-жігері үшін жұбаныш сыйлықтарын алды.