«Жарқын Болашақ» – тан жылулық және қуаныш сыйлау Жаңа жылдық қайырымдылық акциясы
Артқа
30.12.2024

«Жарқын Болашақ» – тан жылулық және қуаныш сыйлау Жаңа жылдық қайырымдылық акциясы

«АлЭС» АҚ «Жарқын Болашақ» жастар ұйымы жаңа жылдық қайырымдылық акциясын өткізді.

– Осы акция аясында қаражат жинау ұйымдастырылып, әріптестеріміздің қолдауының арқасында 715 мың теңге жиналды! Бұл қаражат «Жарқын Жандар» орталығынан 107 ерекше балаға арналған сыйлық жиынтығын сатып алуға жұмсалды», – деді Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО Жөндеу қызметінің бастығы, «Жарқын Болашақ» ЖҰ төрағасы Асет Амирбеков.

Айта кету керек, «Жарқын Болашақ» белсенділері балаларға сыйлықтарды өздері жинаған, ал қалған ақша өмірлік қиын жағдайға тап болған компания қызметкерлерінің екі отбасына көмек көрсетуге жұмсалған.

Балаларға берілген сыйлықтар олардың жүректерін қуанышқа, жылулық пен күлкіге толтырып, нағыз жаңа жылдық ғажайыпқа айналды.

«Жарқын Болашақ» ЖҰ игі бастамаға атсалысқандардың барлығына шын жүректен алғысын білдіреді. Әріптестердің қатысуы әлемді жақсартады және әсіресе қажетті жерде мереке жасауға көмектеседі.

Бейне «Жарқын Болашақ» – тан жылулық және қуаныш сыйлау Жаңа жылдық қайырымдылық акциясы