«Жарқын Болашақ» кітап клубы: кітаптар өзін-өзі дамыту мен диалогтың көпіріне айналуда
2024 жылдың қыркүйегінен бастап «АлЭС» АҚ «Жарқын Болашақ» жастар ұйымы өз тарихының жаңа парағын – кітап клубын ашты, ол өз кезегінде қатысушылар үшін шабыт, пікірталас және тұлғалық өсу орнына айналды. Бірнеше ай ішінде мұнда алты кітап оқылып, терең талданды, бірақ ең бастысы – мұнда оқуды сұхбат өнеріне айналдыратын ерекше кеңістік пайда болды.
Клуб әдебиет әуесқойларының қарапайым үйірмесі ретінде емес, талдау және сыни тұрғысынан ойлау зертханасы ретінде ойластырылған. Әрбір кездесу – бұл құрылымдалған процесс, яғни қатысушылар өз рөлдерін алдын ала бөліп қояды. Біреулер сюжет талдауын дайындайды, біреулер автордың өмірбаянын зерттейді, ал басқалары болса тесттер немесе интерактивті тапсырмалар әзірлейді. Мысалы, нейрохирург Генри Марштың «Не навредить» ғұмырнамаларын оқығаннан кейін Клуб мүшелері дәрігерлердің күрделі этикалық шешімдерін модельдеу арқылы «Медициналық дилемманы» ойнады.
«Біз кітапты жан-жақты талқылап, көруге тырысамыз. Себебі, сіз жалғыз оқығанда егжей-тегжейлерді жіберіп алуыңыз мүмкін, ал диалог кезінде жаңа инсайттар пайда болады», – деп атап өтті Қызметкерлерді дайындау бөлімінің бас маманы Тілеухан Айзада.
Клуб тыңжұмысы барысында қатысушылар өздерінің кәсіби және жеке мүдделерін қозғаған шығармалармен таныса алды:
– Масааки Имаидың «Кайдзен. Ключ к успеху японских компаний» кітабы – бұл клуб үшін ерекше өзекті болды, себебі қазіргі уақытта «АлЭС» АҚ осындай процестерді үздіксіз жақсартуға негізделген «Кайдзен» философиясын белсенді енгізуде. Қатысушылар «шағын қадамдар» принциптерін өндірісте ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде де қолдануға болатындығын анықтады. «Кайдзен ілгерілеу – бұл орасан серпіліс емес, бұл – күнделікті жақсару екендігін үйретеді. Ал, бұл болса, біздің корпоративтік мәдениетімізбен сәйкес келеді», – деп атап өтті Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО жөндеу қызметінің бастығы, «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының басшысы Әмірбеков Әсет.
– Робин Шарманың «Монах, который продал свой феррари» – Әсетті бағындырған кітаптің бірі. Оның өмірге деген теңгерімі мен күнделікті әдеттері туралы кеңестері көпшілік үшін іс-қимылға арналған нұсқауға айналды.
– Генри Марштың «Не навреди» кітабы – медицинадағы өсиет туралы пікірталастарға шабыт берген ғұмырнама. «Бұл кітапта автор қателіктер туралы айтудан қорықпайды. Бұл адамзат туралы кітап», – дейді Кадрлар бөлімінің бас маманы Қарабалина Дина.
– Бенджамин Франклиннің өмірбаяны – табандылық пен құмарлық әлемді қалай өзгертетінін көрсететін өзін-өзі дамытудың мысалы.
– Джон Грейдің «Мужчины с Марса, женщины с Венеры» – гендерлік психологияны зерттейтін және қызу дау тудырған кітаптің бірі.
Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО электр монтері Қалелов Бекзат клубтың арқасында өзі үшін нейрохирургияны ашып қана қоймай, сонымен қатар орыс тілін де жетілдіргенін мойындайды: «Бұрын сөйлеуге ұялатынмын, ал енді пікірталастарға қатысып, мәтіндерді талдап жүрмін».
Қатысушылар клубтың құндылығы – оның атмосферасында екенін бір ауыздан айтуда. Бұл жерде «дұрыс» пікірлер жоқ, бірақ әртүрлі көзқарастарға деген үлкен құрмет бар. «Бұл кітаптан да көп. Бұл бізді кеңірек ойлауға үйрететін тәжірибе», – дейді Тілеухан Айзада.
Қарабалина Дина: «Біз тек сюжеттерді ғана емес, сонымен қатар философиялық мәселелерді де талқылаймыз. Ал, бұл болса, сыни ойлауды да дамытады және біздікі сияқты техникалық салада да жұмысқа деген көмегін тигізіп отырады. Ең маңыздысы, ол біздің әрқашан өзімізге деген қызықтыратын кітаптарымызды таңдауға және басқалардың пікірін білуге деген мүмкіндіктің болуы».
Клуб мұнымен тоқтап қалмайды. Себебі, қатысушылар көбірек әріптестерін тартуды, авторлармен кездесулер ұйымдастыруды армандауда… «Жақсы қоршаған орта бізді жақсарта түседі. Біз осы ортаның өскенін қалаймыз», – деп атап өтті Әсет.
Қосылыңыздар !
Егер сіз кітаптар өмірді өзгерте алады деп сенсеңіз және өз ойларыңызбен бөлісуге дайын болсаңыз, онда «Жарқын Болашақ» кітап клубы сізді күтуде. Мұнда кітаптардың әр беті – өзіңмен, әріптестеріңмен және әлеммен деген жаңа сұхбаттың бастамасына айналады.
«Оқу – бұл керемет саяхат. Ал саяхат кезінде жалғыз өзің болмасаң, онда жолың әрқашан жарқырап тұрады», – деп қорытындылады Бекзат.