Ынтымақтастық және қолдау
«АлЭС» АҚ табиғи апаттан зардап шеккен өңірлерге жедел түрде 50 миллион теңге бөлді.
Бұдан басқа, «АлЭС» АҚ-ның жас қызметкерлері «Самұрық-Қазына» қорының жастарымен бірлесіп, қиыншылыққа тап болған қазақстандықтарды қолдауға ұмтылып, қаражат жинап, қажетті көмекті апат орнына жеткізуді ұйымдастырды.
Сондай-ақ, әсіресе көмекке мұқтаж Орал қаласы үшін авиатасымалдаушы арқылы су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу үшін қажет болған 12 мың қапты жіберді. Жас энергетиктер қаражат жинап қана қоймай, көмек көрсетуге де қатысты. Сондай-ақ, «АлЭС» АҚ гуманитарлық көмек көрсету үшін көлік ұсынды, осылайша қажетті материалдарды тез және тиімді жеткізді.
– Әрқайсымыздың жүрегімізде жанашырлық сезімі бар. Бұл соңғы айда республикамыздың бірнеше өңіріне табиғи апаттар түскен кезде айқын көрінді, – дейді «АлЭС» АҚ жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Ернар Сандыбаев. – Осы қиын кезеңдерде біздің энергетиктер ұжымы мұқтаж жандарға жедел көмек көрсетті. Атап айтқанда, зардап шеккен аудандарға материалдық көмекке 50 миллион теңге бөлінді. Қазіргі жағдайда бұл жай ғана ақша емес, бұл біздің бүкіл ұжымның жылуы мен қамқорлығының көрінісі.
Осындай ынтымақ пен мұқтаж жандарға көмектесуге белсенді қатысу Қазақстан халқының бірлігін көрсетеді. Мұның бәрі қазақстандықтардың қиын кезеңдерде бірге әрекет ету қабілетін көрсетеді.
Біз бірге кез-келген қиындықты жеңе аламыз және әлемді жақсарта аламыз. Біз бірге – күшпіз!