Волейбол әуесқойы жұмысшы мамандығын таңдап, бірақ әлі де болса осы спортпен қоштаспаған
Қызылорда облысының аты аңызға айналған волейбол жаттықтырушысы Батырқожа Бабаевтың тәрбиеленушілерінің бірі Бағизат Өмірбаева кәсіби волейболшы бола алмады. Бірақ Алматы 1-ЖЭО «Энергожөндеу» ӨЖК-да жұмыс істегендігіне және қамқорлығындағы бес баланы тәрбиелегендігіне қарамастан, ол сүйікті спорт түрін әлі де болса тастап кеткен жоқ. Халықаралық әйелдер күніне орай Caravan.kz тілшісі біздің кейіпкерімізбен кездесіп, спортқа деген сүйіспеншілікті өмірге қалай енгізу керектігін анықтады.
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Байкенже ауылы. ХХ ғасырдың 90-жылдарының басы. Волейбол секциясы балалар мен қыздарға толы. Спартандық жағдайларға қарамастан, балалар жаттығудың басталуын асыға күтуде, бұл спортпен айналғысы келетіндерге кедергі бола алмады, керісінше, орасан жүктемелермен және жаттықтырушының тәрбиеленушілерге деген қатаң көзқарасының арқасында, олардың тәрбиеленушілері бүгінде қазақстандық волейболда жетекші рөлдерде тұрған волейбол мектебінің іргетасын қалауға көмектесті.
Бірақ қазірдің өзінде туған ауылында жас волейболшыларды тәрбиелеп отырған бапкер Батырқожа Бабаев, барлық жағдайы бар жайлы залда, барлық түлектерін шақырып, жақында мерейтойын атап өтті. Олардың арасында Бағизат Өмірбаева да болды. Ол басқа волейбол жаттықтырушысының қызы болғандықтан, бұл қызықты спорт түрінің жанынан жай өте алмады, сондықтан 5-сыныптан бастап ол волейболмен айналысып, енді ғана ауылға университетті бітіріп келген Бабаевтың алғашқы оқушыларының бірі болды. Қазір ол артқа қарап, сол кезеңді ностальгиямен еске алады.
«Біз жылап, шағымданған жоқпыз, жаттығу жасауды және волейбол ойнауды ұнататын едік. Қазір кезде волейболмен айналысуға барлық жағдай жасалған және қазіргі жастарға қарап, мен олар үшін өте қуанышты боламын. Әрине, бұған дейін жаттығулар анағұрлым қарқынды өтетін, менің ойымша, сол кезде ешкім де шаршадым деп шағымданбайтын. Қазір жастар сәл ғана шаршаған болса, демалуды ұнатады, бірақ бұл жоғары деңгейге жету үшін жеткіліксіз. Біз – осы мектептің бірінші ұрпағымыз, ал кейінгі ұрпақ бізге қарап отыратын. Кезінде біздің Байкенжеге жиынға жастар келіп жүретін, қазіргі кезде сол келген жастар арасында жетекші рөлдерде жүрген волейболшылар мен төрешілер де бар, мысалы, Тұранбеков Ерзат сияқты халықаралық дәрежедегі төреші Ахметов Айдос, сондай-ақ олардың арасында жаттықтырушы, спорт шебері Сәрсенова Ажар да бар. Мен менімен бірге жаттыққандардың әрқайсысы үшін өте қуаныштымын», – деп атап өтті Өмірбаева Бағизат.
Мерейтойды мерекелеу кезінде жаттықтырушы келесі маңызды сөздерін атап өтті: «Сіздердің барлықтарыңыз мен үшін келіп, мені құттықтағандарыңызға өте қуаныштымын, мен бүкіл өмірімді сіздердің баршаларыңызға арнағаныма қуаныштымын және бүгін сіздер менің жанымдасыздар». Тәжірибелі тәлімгер көңілін босатып, тіпті көзіне де жас алды. Оның мақтанарлықтай нәрсесі бар, себебі оның басшылығындағы командалар үнемі Қазақстан чемпиондары болып жүр, бірақ, сонымен қатар, кәсіпқой спортшы жолын таңдамағандардың өздері де волейболдың барлық ерекшеліктерін жақсы есте сақтап қалған, себебі спорттың бұл түрі олардың қанынына сіңіп кеткен десек те болады. Бағизат өз мамандығын таңдау уақыты келген кезде дене шынықтыру немесе кәсіби спортқа баруға мүмкіндік болды. Бірақ отбасылық жағдайлар оны басқа мамандықты таңдауға мәжбүр етті. Қазір Бағизат энергетика саласында жұмыс істеп жүр, ол осы салаға жол көрсеткен және жаңа жұмысқа бейімделу кезеңінде қолдау көрсеткен адаммен бақытты кездесудің арқасында келді.
Мұнда ол пікірлес адамдарын тапты: екі жыл бұрын АлЭС әуесқой әйелдер волейбол командасы құрылды, ол жыл сайын жарыстарға, департаменттердегі іріктеу турнирлеріне қатысады. Бағизат өзінің әуестігі мен жұмысын жаттығулармен және үй жұмыстарымен үйлестіреді: кешкі ас әрқашан дайын, балалары, олардың ішіндегі ең кішісі 7 жаста, анасының сүйіспеншілігі мен назарынан тыс қалмайды.
Қазіргі уақытта Бағизат Өмірбаева Алматы облысының Қарасай ауданында орналасқан «Энергожөндеу» ӨЖК волейбол командасының, сондай-ақ «Парасат» әуесқой клубының капитаны.
Волейбол Бағизатқа өмірінде де және кәсібінде де пайдалы болатын маңызды нәрселерді үйретті. Бұл тәртіп, оның тек өзі үшін ғана емес, сонымен қатар өз командасы үшін де жауапкершілік, алға ұмтылу және берілмеу.
«Бәрі бірден орындалуы үшін әрдайым жолың бола бермейді, бірақ табысқа жету үшін біртіндеп қадам жасау керек. Менің өмірлік ұстанымым – бірінші рет құласаң, екінші рет құласаң, үшінші рет тұрасың, бұл өмірге зор септігін тигізеді», – деп қортындылады Бағизат Өмірбаева.
Оның балалары да волейболмен айналысуда – біреуі жалпы даму үшін шұғылданса, ал біреуі кәсіпқой ретінде айналысады. Ал бұл дегеніміз – волейболшылар әулетінің ары қарай жалғасатынын білдіреді.
Альберт Ахметов,
https://www.caravan.kz/sport/ljubitelnica-volejbola-vybrala-rabochuju-professiju-no-ne-zavjazala-so-sportom/