Үлгі тұтар тұлға шыңға жетелегенде
Артқа
21.09.2026

Үлгі тұтар тұлға шыңға жетелегенде

Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-ның бу турбиналарын басқарудың орталық жылу қалқанының машинисі Айдос Масиралиев «АлЭС» АҚ корпоративтік сайтының оқырмандары мен Instagram жазылмандарына жақсы таныс. Біз оның тауға шығуы мен бағындырған жаңа шыңдары туралы талай рет айтқанбыз. Әр жолы Айдос жанында өзімен бірге тауға міндетті түрде АлЭС туын бірге алып жүреді.

Бұл жолы оқиға ерекше болды: Айдостың тауға деген қызығушылығы әріптесін шабыттандырды. Оған станцияның турбина цехының бастығы Ернат Бекенов серік болды.

Бір шыққанда олар бірден екі төрт мыңдыққа көтерілді. 2А күрделілік санатындағы бағыт жақсы дайындықты, төзімділікті және, әрине, бір-бірін қолдауды талап етті.

– Бүгін бірден екі шыңға шықтық. Екеуі де – төрт мыңдық. Бұл жолы менімен бірге әріптесім Ернат Бекенов болды. Бұл бағытты бірге жүріп өткенімізге қуаныштымын. Тауда команданың қаншалықты маңызды екенін ерекше түсінесің. Мықты команда. Баршаңызға рақмет! Бұл – тарихи оқиға! – деп бөлісті Айдос.

Бағындырылған шыңдардың бірі Іле Алатауының Бас жотасындағы Кудерин шыңы болды. Ол қазақстандық альпинист, спорт шебері Сырым Кудериннің құрметіне аталған. Шың арқылы Қазақстан мен Қырғызстанның мемлекеттік шекарасы өтеді.

Ернат үшін тауға бұлай шығу жаңа тәжірибе болды. Бұған дейін ол тау туралы көбіне Айдостан естіп, оның бағыттардағы суреттерін ғана көретін.

– Айдос көптен бері өзінің шыңға шығулары туралы айтып, суреттерін көрсетіп жүретін. Бірте-бірте өзімнің де байқап көргім келді. Маршрут барысында әдемі кадрлардың артында үлкен еңбек жатқанын түсінесің. Қиын учаскелер болды, бірақ шыңға шыққанда, жұмсаған барлық күш-жігерің ақталады. Енді мен Айдостың неге қайта-қайта тауға асыға беретінін жақсырақ түсінемін, – дейді Ернат Бекенов.

Бәлкім, жеке әуестіктің басқаларға үлгі болуы да осылай шығар. Айдос жыл санап жаңа шыңдарды бағындырып келеді, ал енді оның жанында өздерін сынап көргісі келетін әріптестері де пайда бола бастады.

Тағы бір дәстүр өзгеріссіз қалып отыр. Айдос әрбір шыңға АлЭС туын алып шығады. Ол үшін бұл – туған компаниясы мен өз командасының бір бөлшегін тауға өзімен бірге алып шығу мүмкіндігі.

Маршруттар, биіктіктер мен шыңдар өзгереді. Бірақ ең биік нүктеде Айдостың жанында әрдайым АлЭС туы желбіреп тұрады.

Ал енді, бұл тау тарихының жалғасы – ендігі жерде командалық жалғасы пайда болатын сияқты.