ҚАМАЛОВ АЛМАСБИ НИЗАМАДДИНҰЛЫ
1989 жылы 07 сәуірде дүниеге келген
Азаматтығы – Қазақстан Республикасы
Білімі – жоғары:
Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты Алматы қ., аяқтаған жылы 2010 ж.
Мамандығы – «Менеджмент/маркетинг, іскерлік әкімшілік және бухгалтерлік есеп бакалавры».
Соңғы 5 жылдағы жұмыс тәжірибесі:
2023 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін «Самұрық-Энерго» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры;
2021–2023 жж. «Самұрық-Энерго» АҚ «Стратегия және экономикалық талдау» департаментінің директоры;
2017–2021 жж. «Самұрық-Энерго» АҚ «Стратегия және экономикалық талдау» департаментінің «Экономикалық талдау» бөлімінің бастығы.
Сондай-ақ, «Мойнақ ГЭС» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі болып табылады.
«АлЭС» АҚ Директорлар кеңесіне алғаш сайланған күні – 15.03.2024 ж. («Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің №03/24 хаттамасы).
Аффилиирленген компаниялардың тиесілі акцияларының саны мен үлесі – жоқ.