Түсіну арқылы таңдалатын кәсіп
Артқа
04.05.2026

Түсіну арқылы таңдалатын кәсіп

Энергетикаға өздігінен қызығу сирек жағдайда ғана туындайтын құбылыс – ол көбінесе күрделі нәрсе түсінікті бола бастаған сәтте, ал болашақ нақты бейнеге ене бастаған кезде қалыптасады. Дәл осындай жағдайды студенттермен және оқушылармен өткізіліп, әңгіме ашықтық пен практикалық тәжірибе негізінде өрбіген кездесулер барысында қалыптастыруға қол жеткізілді.

Еуразиялық техникалық-экономикалық колледжінде жоғары курс студенттерімен өткен әңгіме бірден ресми таныстырылым деңгейінен асып түсті. Қызметкерлерді дайындау бөлімінің бас маманы Алина Полькеева мен жетекші маман Гаухар Темирова өз мамандықтары жайлы нақты тәжірибелік мысалдар арқылы ой бөлісті: бейімделу кезеңі қалай жүретіні, жас мамандар қандай міндеттермен бетпе-бет келетіндігі және кәсіби дамуға қандай факторлардың ықпал ететіні жөнінде сөз қозғалды.

Студенттер белсенді түрде қатысып, сұрақтар тек тәжірибеден өту мүмкіндіктерімен ғана шектелмей, сонымен қатар мансаптағы алғашқы қадамдарды қалай дұрыс құруға және кәсіптік жолдың басында бағыттан ауытқып кетпеуне де қатысты болды.

– Жігіттердің нақтылау сұрақтар қоюдан тартынбайтыны маңызды. Бұл олардың өз болашағына жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді, – деп атап өтті Алина Полькеева.

– Әңгіме өзара пікір алмасуға ұласқан кезде сенім пайда болады, ал бұл өз кезегінде мамандықты тереңірек түсінуге жол ашады, – деп баса айтты Гаухар Темирова.

– PIFAGOR жекеменшік мектебіндегі оқушылармен кездесу басқа, неғұрлым интерактивті форматта өтті. Бұл жердегі міндет тек ақпарат беруде емес, қатысушыларды тартуда – мамандықтың ішкі қыр-сырын көрсетуде болды. Талқылауға 3-ЖЭО Бас инженері Мұрат Олжабаев, өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Сәкен Қожабеков және Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің қауымдастырылған профессоры Қарлығаш Олжабаева қосылды.

Мұрат Олжабаев жұмыстың практикалық қырына ерекше назар аударды: инженерлік шешімдердің нақты уақытта қалай қабылданатынын және әрбір маманның қандай жауапкершілік арқалайтынын түсіндірді. Бұл оқушыларға кәсіпті жай теория ретінде емес, жанды үдеріс ретінде көруге мүмкіндік берді.

Сәкен Қожабеков ұсынған Safe Lab интерактивті форматы кездесудің негізгі элементіне айналды. Қатысушылар нақты өндірістік жағдайларды талдап, тәуекелдерді бағалауды және шешім қабылдауды үйренді. Мұндай тәсіл қауіпсіздік қағидалары жөнінде тек естіп қана қоймай, олардың маңызын іс жүзінде ұғынуға мүмкіндік берді.

Қарлығаш Олжабаева оқыту мен кәсіби даярлықтың мүмкіндіктері жөнінде айтты, мазмұнды толықтырып, «қызығушылық – білім – мамандық» деген өзара байланысты тізбекті айқындап берді.

Екі кездесу де жастар үшін тек ақпарат алудың жеткіліксіз екенін – олардың болашақ кәсіби саламен байланысты сезінгісі келетінін көрсетіп берді. Сұрақ қойып, ашық жауап естіп, нақты мысалдарды көру мүмкіндігі болған кезде таңдау да неғұрлым саналырақ болады.

Мұндай жұмыс саланың болашағы үшін берік негіз қалайды – қызығушылық, ұғыну және әрбір маманның маңызды рөлін құрметтеу арқылы қалыптасады.