Төмен қуатты реттелетін қызметтерге тарифтердің өзгеруі туралы хабарландыру
«Алматы электр станциялары» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменттерінің 12.08.2025 жылғы №74-НҚ және Алматы облысы бойынша 13.08.2025 жылғы №134-НҚ бірлескен бұйрығымен 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіле отырып тарифтің бекітілгені туралы хабарлайды:
– Каскад ГЭС объектісі бойынша қайталама су пайдаланушыларына магистральдық құбырлар бойынша су беру бойынша 3,86 теңге/м3 (ҚҚС-сыз) мөлшерінде.
Тариф «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 22-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес келесі негіз бойынша бекітілді:
– реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюы.